"ЖОЛАМАҢДАР, БӘЛЕГЕ, КҮЙЕСІ ЖҰҒАДЫ": Алтынай Жорабаеваға көпшілік ұсыныс айтты

0
12 872

Пәктігін саудаға шығаруға ниеттенген қыздың бар шындығы белгілі болды. Ләйлә Сұлтанқызы бұған дейін Алтынай Жорабаеваны да бағдарламаға "алдап шақырған" ба?


"Өз ойым" бағдарламасында пәктігін саудаға шығарамын деп елді дүрліктірген қыздың шындығы желіні шулатты. Жайдарманшы Нұрболхан Шарапов өз парақшасына видео жүктеген сәттен бастап көпшілік жаппай пікір қалдырып жатыр. Оның ішінде өнер адамдары да бар.


Біраз уақыт бұрын "Ләйлә Сұлтанқызы бағдарламасына алдап шақырды" деп ренжіген әнші Алтынай Жорабаева да бағдарлама ұжымының әрекетіне таң қалып, Нұрболханға қолдау білдіріп, пікір жазыпты.

"Алла сақтай гөр! Жарайсың, Нұрболхан!", - деп жазды Алтынай Жорабаева.

Ал, желі қолданушылары өз кезегінде әншіден бұл сұмдықтың тоқтауына септігін тигізуін сұрап жатыр.

"Алтынай Жорабаеваны да қулығына асырмақшы болған... Ләйлә ханым тек атағын шығару үшін ғана істеп жүр..", "Алтынай ел алдында жүрген беделді азаматшасың.. оның үстіне төрт қызың бар. Біздің балдарымызды анау сайқал (автордың сөзі өзгеріссіз алынды - ред.) Ләйлә осындай жиеркенішті іске арбап жатқанда қой деп неге айтпайсыңдар?! Беделдікті осындай ұрпаққа сын келгенде қолданып бір тәйт демесеңдер әдірем қалсын... беделдеріңе.. Үндеу тастауыңды сұраймын...", Қызға обал болды... Ләйлә дегенге айтыңыз оқуына барып түсіндірсін. Сіз енді көзі ашық адамсыз ғой. Сіз де қыз өсіріп жатырсыз. Бірауыздан айтып көріңіздер...", Алтынай әпке, Ләйләмен арақатынысыңыз қалай? Жақсы ма? Ескертіп қойыңызшы Ләйлә Сұлтанқызына....", "Қолда, құрбым, сендер де одан бекер алшақтамаған екенсіңдер, жоламаңдар, бәлеге, күйесі жұғады", -деген пікірлер толастар емес.

Естеріңізде болса, Ләйлә Сұлтанқызы Алтынай Жорабаеваны "Әйел бақыты" бағдарламасына шақырған болатын. Белгіленген сұхбаттың жарнамасы берілсе де, әншімен сұхбат эфирге шыққан жоқ. Себебін, "шақырған тақырыбы, анонста айтылған тақырыбына мүлдем сәйкес келмейді",- деп түсіндірген Алтынай Жорабаева.

Сондай-ақ, Қанат Әлжаппаров та жазбаға пікір білдірген. Танымал әзілкеш "Өз ойым" бағдарламасы отандық өзге шоулар жолда қалып кеткенін айтты.

"Өләәә, обалдық жасаған екен қарындасымызға. Бәрі өтірік екен ғой сонда, ия. "Қалаулыммен" жылап көрісетін болдық қой, айналайындар-ау", - деп жазды Қанат.

Айта кетейік, жетінші арнадағы "Өз ойым" бағдарламасы "қаздық пердені сату" тақырыбын бағдарламасына арқау етіп, елдің ашуына тиді. Онымен қоймай, қазақ қызына пәктігін сатуға ниетті жанның рөлін сомдауға үгіттеген деген де ақпарат тарап жатыр әлеуметтік желілерде.



ERNUR.KZ