​«Жүрегім дір етті»: Меруерт Түсіпбаева әріптесі Бейбіт Қорғанды өзімшіл деп айыптады

0
3 636

«Баланың болашағын ойлаған адам бар ма?!»


​«Жүрегім дір етті»: Меруерт Түсіпбаева әріптесі Бейбіт Қорғанды өзімшіл деп айыптады

Өткен жылдың қараша айында, «Астарлы ақиқат» бағдарламасынан басталған "Бейбіт Қорғанның некесіз туған баласы бар ма?" деген әңгімеге әлі нүкте қойылған жоқ.


Өнер иесінің артынан ерген қауесетке әріптестері де әртүрлі пікір білдіріп жатыр. Олардың арасында әнші Меруерт Түсіпбаева да бар.


«Осы жазбаны жазар алдында көп ойландым, өзім де ұл өсіріп отырмын ғой. Ер-жігіттің басына нелер келіп-кетпейді?! Европаның екі қаласының ортасындағы уақыт шамамен бір сағат. Бағдарламаның ДНК тапсырған бөлімін көріп қалып, көңілім су сепкендей басылып, жабырқау күйге түсіп, құлазыдым.


Арнаның журналистеріне рейтинг керек, ол түсінікті. Көрерменше шоу қажет. Басында келіскенімен, бес жылдай уақыт өтіп, артынан түсініспеген әйел мен еркектің жағдайы да белгілі... Ал бейкүнә сәбиді ойлаған жан бар ма?! Ол ер бала, ертең есейеді ғой, мынау дау-дамайды көріп, намыстанып, қандай сезімде болады екен. Біреуің баланың болашағын ойладыңдар ма?! Оның бетін бүркемей, бажырайтып көрсетуге құқылы ма ересектер?! Этика қайда? Ертең-ақ ержетеді бұл ботақан, өз отбасын құрады, сол кезде осы шу оның алдағы өмірініе әсер етуі әбден мүмкін емес пе? Ересектер, неге сонша қатал болдық екен?..


Бейбіт бөбектің жанынан елемей өте шыққанда жүрегім дір етті. Қанша ашулы болса да (оның баласы болмаса да) бір кінәсіз, күнәсіз сәби ғой, өзі аурушаң екен. Әкесіз өсіп жатыр екен. «Маған арман» деп соның әнін айтып, жүгіріп жүрген қазақтың бір баласы ғой.


Бағдарламаны қарап отырып, «эх, шіркін-ай, сол жерде баланы көтеріп алса ғой» деген ой келді маған. Бірақ, еркектер басқаша ойлайды-ау шамасы. Тек өзінің ЭГО-сын, комфортын ойлап отырған жайы бар сияқты. Ал білгенге, мұндай тәп-тәтті ботақан – талайларға арман. Аман бол, құлыншақ! Адамдардың қатыгездігін кешіре ғой. Алла жар болсын саған!» деп жазды әнші Меруерт Түсіпбаева.



Еске сала кетейік, «Әншіден бес жасар балам бар. Сырқатқа шалдыққан, әкелік парызын өтеп, емдетуге көмектессін» деп жағдайын айтқан атыраулық Нұргүл Зиханованы Бейбіт Қорған танымайтынын айтып, ДНК сараптамасын тапсырудан бас тартып еді. Кейін оны сот сараптама тапсыруға міндеттеді. Оның нәтижесі бір айдан соң белгілі болады.