​«Жүрегіме жаңа тамыр салып берді»: Сәбит Әбдіхалықов жер сілкінісі кезінде ауруханада жатқанын айтты

0
670

«Түсім бе деп ойладым»


​«Жүрегіме жаңа тамыр салып берді»: Сәбит Әбдіхалықов жер сілкінісі кезінде ауруханада жатқанын айтты

Жүрегіне екінші мәрте ота жасатып, ауруханада жатқан актер, режиссер Сәбит Әбдіхалықов Алматыдағы жер сілкінісі жайлы «Хабар like»бағдарламасында айтып берді.


«Осыдан екі апта бұрын жүрегіме ота жасаған. Сөйтіп мен қалалық кардиологиялық орталықта емделіп жатқам. Көзім ілініп кетіпті, гүрілдеп кеп берді, палата шайқалып кетті. Түсім бе, кеменің ішінде кетіп бара жатырмын ба деп ойладым. Содан есімді жинап, киімдерімді алып, ауруханадан шығып кеттім, үйіме бардым.


Жалпы, негізі жер сілкінісі кезінде «паника» болған жоқ. Дәрігерлер «қалың киімдеріңді, жамылғыларды ұстап, дайын отырыңыздар, қазір сіздерді далаға шығаруымыз мүмкін» деп ескертті. Бірақ екінші толқыны болған жоқ» деді актер.


Ол сондай-ақ денсаулығы жайлы да сөз қозғады.


«2016-жылы инфаркт алғам, содан кейін жүрек дұрыс болмай қалды. Осы жасатқан отада жүрегіме жаңа тамыр салып берді. Алдағыны енді Алла біледі. Шүкір, жақсымын. Бес рет стенд қойдырдым, ақырында сойдырдым. Дәрігерлерге рахмет, қолдарынан келгеннің бәрін істеп жатыр» деді Сәбит Әбдіхалықов.