​«Жүректі дірілдетіп, аузымды жыбырлатып...»: Тамара Асар өзін сынаған көпшілікке жауап берді

0
3 545

«Жаман қатын ашуын ыдыс-аяқтан алады»


​«Жүректі дірілдетіп, аузымды жыбырлатып...»: Тамара Асар өзін сынаған көпшілікке жауап берді

Әнші Тамара Асар әлеуметтік желідегі парақшасына орманда шаңғы теуіп жүрген сурет салып, көпшіліктің сынына қалған еді. Өнер иесінің желіге салған суретін оқырмандары дұрыс түсінбей, «Елді су алып жатқанда демалыста жүргенің қалай?» деп ренішін білдірген болатын.


Тамара Асар осы жағдайға байланысты пікір білдірді.


«Жаман қатын ашуын ыдыс-аяқтан алады» демекші, телефон ұстап, әлі келгендер әртістерді сөз етіп, тіл тигізетіндерді де көріп отырмын. Бұл видеоны сіздердің құсығыңызды иіскеп, жеу үшін салған жоқпын. Елге сөз қолдауым болсын деп салдым. Оқырмандардың көбі «ел суға кетіп жатқанда демалыста жүрсің» депті. Бұл – біздің есігіміздің алды, осындай орман. Қостанайдамыз. Қалаға қатынайтын, азық-түлік алатын жалғыз көпіріміз суға кетіп, өзіміз де біртүрлі күй кешіп отырмыз.


Мен блогер емеспін. Сондықтан менің бойымды билеген қорқыныш пен үрей ешкімге берілмесін деп, ештеңе салмап едім. Тобыл өзені сәл ашуын басқасын мен де батырсынып, осы суреттерді салып отырмын. Орманда тұрып халыққа басу айтып тұрған видеода өзім де сондай сөзге мұқтаж ежім. Бірақ оны түсінетін оқырман бар ма? Әйтеуір әншілердің ішін кептіріп жатты.


«Ең бастысы, байбаламға салынба, интернетті көп қарама, сборларға қосылып, ақша аудар да, сабыр сақта» деп үйден асығып шығып кетті біздің үйдің белсенді кісісі. Ажар екеуміз осы кісінің қарауындамыз. Қолымнан келгені елім үшін, шыбын жаным үшін шелпек пісіріп, аузымды жыбырлатып, жүрегімді дірілдетіп, Ақ Тәтемнің үйреткен сүрелерін оқу болды», - деп жазды Тамара Асар.


Өнер иесі сондай-ақ есігінің алдында не үшін шаңғы теуіп жүргенін де түсіндіріп өтті.


«Шаңғы теуіп, ерігіп жүрсің дегендерге! Шаңғы тебетін күнге жетейін, әумин! Ерігіп жүрген жоқпын. Екі аяғымды дұрыс, тең басып үйрену үшін екі таяққа сүйеніп, күнделікті жаттығуымды жасап жасап жүрмін», - деп түсіндірді Тамара Асар.