"Жұртқа өтті-ау деп қоямын": Гүлзира Айдарбекова тағы бір видеосымен желіні жарды

0
4 388


Үнемі хайптың бел ортасында жүретін продюсер Гүлзира Айдарбекова қазір әлеуметтік желінің белсенді қолданушысына айналған. Оның әрбір жазбалары оқырмандар арасында қызу пікір-талас тудырып, тез қаралым жинайды.

Сондай жазбалардың бірі - ән айтқан кезінен түсірілген видео. Жолдасымен тойда ән айтқан видеосын жариялаған продюсер, "Бізден жақсы бір ән болсын!
Әу демейтін қазақ жоқ, қалай болғанда да осы әнді айтқанда отырғандардың бәрі түгел тұрып билеуші еді. Соған қарағанда жұртқа өтті ау деп қоямын. Зуби-Зуби, өзімізше аударып айтқанда Нури-Гули ! Сөзін өз заманымызды еске алумен жазғанбыз. 65-68 дер қайда екен!"
деп жазды.



Мұны көрген оқырмандары түрлі пікірлерді жаңбырша жаудыруда. Олардың көбі жұбайлардың жарасымдылығына тәнті болып, бұл әннің ауылды жерлерде де танысмал екенін айтқан. Ал кейбірі "Той жоқ болғасын, өздерің той жасап, бір-бірлеріңді шақырып жүрсіңдер ме?" деп қалжыңдапты.