​Артроз, артирт және остеопороз. Көбіне әйелдер шалдығатын дерттер...

0
52 271

Буын және сүйек ауруларына адамдардың бәрі шалдығуы мүмкін. Дегенмен, бұлар көбіне әйелдерде кездесетін көрінеді. Артроз, артрит және остеопороз – бір ауру емес екені бесенеден белгілі. Мұны әсіресе, басынан өткергендер жақсы біледі. Ал кейбіреулер атауын шатастырып та жатады.


​Артроз, артирт және остеопороз. Көбіне әйелдер шалдығатын дерттер...

Фото: 7ya.ru

Буын және сүйек ауруларына адамдардың бәрі шалдығуы мүмкін. Дегенмен, бұлар көбіне әйелдерде кездесетін көрінеді.

Артроз, артрит және остеопороз – бір ауру емес екені бесенеден белгілі. Мұны әсіресе, басынан өткергендер жақсы біледі. Ал кейбіреулер атауын шатастырып та жатады.

Бұл аурулар созылмалы және дегенеративті дерттер қатарына жатады және өкінішке орай, толықтай жазылып кету мүмкіндігі өте аз. Артрит пен артроздың және остеопороз үшеуіне ортақ бір жайт – көбіне бұлармен әйелдер ауырады.

Ендеше, бұлардың айырмашылығы неде?


Арасында ең кең тарағаны – артроз

Артроз – буын аурулардың арасында кең тарағандарының бірі. Оның әсерінен сүйектің шеміршек ұлпаларының дегенерациясы орын алады.

Жалғаушы ұлпа түріндегі сүйек жабындысы сүйектердің бір-біріне үйкелуінен сақтайды. Егер осы бір шеміршекті ұлпа өзінің сапасын жоғалтып, қызметін атқара алмаса, ауыру орын алып, қабыну басталады.

Артроз көбіне жамбас, тізе және тобық буындарын зақымдайды. Ал бұл буындардың барлығы да біздің салмағымызды көтеріп тұр.

Ауыру көбіне жақсы дамылдағаннан соң басылады. Сонымен қатар, артроз зақымдаған буынды ешбір дәрі емдеп жаза алмайды. Дәрі-дәрмек күшімен қабынуды тежеуге ғана болады.

Егер артроздан сақтануды ерте бастан ойға алған болсаңыз, тұрақты түрде жаттығу жасап, аталған буындарға салмақ түсірмеген жөн. Сол сияқты, артық салмақтан да арылған жөн. Дұрыс тамақтану да мұнда маңызды рөлді атқарады. С дәруменін молынан қабылдаған жөн, себебі ол коллаген синтезінде негізгі қызмет атқарады.

Егер ендігі артрозға шалдыққан болсаңыз, сіздің тұтынатын тағамдарыңыз кальций, фосфор, магний, кремний мен күкірт сияқты минералдарға бай болуы тиіс.


Артрит – кәріліктің ауруы емес!

Артрозбен салыстырғанда артриттің ағзаның қартаюымен ешқандай да байланысы жоқ. Оның бірнеше түрі бар. Ол балаларда, спортшылар мен белсенді дене қызметін атқаратын адамдарда да кездесуі мүмкін. Сол сияқты, оның пайда болуына да түрлі себеп болады.

Иммундық тұрғыда пайда болу: иммунды жүйе синовиалды мембранаға «шабуыл жасайды» (буындарды жалғастыратын ұлпа).

Жарақаттанудан соң пайда болған: ауру жарақат алудан соң немесе адам бір іс-қимылды қайталай бергеннен кейін (компьютер алдындағы жұмыс та бұл ауруды асқындыруы мүмкін) пайда болуы мүмкін.

Буында несеп қышқылы кристалдарының жиналуынан да пайда болуы мүмкін.

Артрит кезінде күшті және ұзаққа созылатын ауыру сезіледі. Ал артрозда біршама тынықса, ауыруы басылады.

Артриттің алдын алу үшін тұтынатын тағам ішінде кальций, омега-3 май қышқылы міндетті түрде болуы керек. Жеңіл жаттығуды күнделікті әдет еткен жөн. Күн көзінде уақытылы жүрген абзал.


Остеопороз – әйелдер арасында көп кездеседі

Остеопороз – сүйекті зақымдайтын созылмалы жүйелі ауру. Әдетте ол бірнеше жыл бойы білінбей дамуы мүмкін. Содан соң асқынған кезде бірден белгі береді. Аяқ астынан сүйек сынуы орын алуы ықтимал.

Остеопороз сүйек ұлпасында болатын үрдістерге тікелей байланысты. Сүйек ұлпалары үнемі жаңарып, оның құрылымы қалыптасып отырады. Ал ескі ұлпаларды ағза сыртқа шығарады. Бірақ белгілі бір кездерде, мәселен, менопауза кезінде осы тепе-теңдің бұзылады.

Сүйектің бұзылуы сүйектің қалыптасуына кедергі келтіріп, сүйек ұлпалары тығыздығынан айырыла бастайды. Содан барып сүйектің сыну мүмкіндігі артады. Остепороз кезінде сүйек сынғыш келеді. Әсіресе, омыртқа мен білезік, жамбас сүйектері.

Бұл аурудан сақтану үшін кальций мен Д дәруменімен байытылған арнайы тағамдық қоспалардан тұратын диета ұстану қажет. Дәрігер сүйектің құрылымын берік ете түсетін арнайы дәрі-дәрмектерді жазып береді.

Дайындаған - Ә.Уалиханқызы