Әдетте әжетханаға кіргенде онда әжетхана қағазы болмаса, ашуланатыныңыз анық. Бірақ оған қуану керектігін айтсақ, түсінер ме едіңіз?!
Дамыған елдердің бәрінде дерлік бүгінде әжетхана қағазы қолданылмайды. Оның орнына биде (унитаздың қасында немесе бірге орнатылатын, жыныс мүшелерін жууға арналған арнайы шапа суы бар кішігірім ванна) қолданылады. Оған не себеп?!
Осы ретте дәрігерлердің жеке бастың тазалығын айтқанда әжетхана қағазын қалай қолдау керектігін де түсіндіргені еске түседі. Әдетте әжетті өткерген соң қағазбен алдынан артына қарай сүрту - жыныс мүшелерінің тазалығы мен оған инфекция түсірмеудің әдісі.
Салауатты өмір салты мен қоғамдық денсаулықты сақтаудың кішкентай ғана бір бөлшегі ретінде әжетхана қағазынан қандай қауіп төнетінін айтып өтпекпіз.
Бұл туралы әлемдік дәрігерлер мен зерттеушілер не дейді?
«Сумен жуыну – әжетті өткерген соң тазалықты сақтаудың ең қолайлы әлі пайдалы тәсілі – дейді Wockhardt hospital ауруханасының дәрігері Тарик Пател. – Суды қолдану арқылы адам дәрет қалдығынан түгелдей тазара алады. Ал қағаз мұндай қажеттілікті толықтай өтей алмайды. Әжетхана қағазы тек қана жуыынып болған соң құрғату үрдісі үшін қажет».
Сондай-ақ шетелдік эксперттер әжетхана қағазының орнына балаларға арналған ылғалды майлықты қолдануға кеңес береді.
Қандай қауіп бар?
Дәрігерлердің пікірінше, әжетхана қағазымен жиі сүртіну – тік ішектің айналасындағы жұмсақ теріні жарақаттауы мүмкін. Қағаздың жарақаттайтыны және дәреттің құрамындағы зиянды заттар оған түсіп, бөртпе және басқа да жағымсыз жайттарға ұласуы мүмкін.
Сонымен қатар, түбегейлі тазартылмаған соң бактериялар көбейіп, ол жыныс мүшелеріне еніп кетуі де ғажап емес. Көптеген жыныс ауруларының инфекция түсуі әсерінен болатыны ескерсек, жыныс және несеп жолдары мүшелерінің дертке ұшырауының бір себебі әжетхана қағазын ғана қолдану екендігі түсінікті болар еді.
Әрине, әжетхана қағазының сапасына келгенде әңгіме басқа. Бұл жерде де түрлі қағаз қалдықтарынан өңделіп жасалған қағаздардың денсаулыққа қаупі көп екені белгілі. Әсіресе, қағаз бетінде таза өңделмеген қалдық бөлшектері бар болса, оны мүлде пайдаланбауға кеңес бередімамандар. Өйткені, газет-журнал, кітап немесе басқа да қалдықтардан өңделіп жасалатын болғандықтан, оның бояйы арнайы химикаттар арқылы кетіріледі. Бірақ толық өңделмеген жағдайда ондағы химикаттар жыныс мүшелеріне түсіп, тағы да зияны тиеді. Әсіресе, хлор мен мырышпен өңделетін қағаздардың денсаулыққа зияндығы көп анықталған.
Денсаулыққа мән берсеңіз, әжетхана қағазының ешқандай өңдеусіз, таза қағаздан жасалғанын (әлбетте, қымбат тұратыны белгілі) таңдаған дұрыс. Сол сияқты, бірнеше қабатты, аппақ қардай таза түрін таңдасаңыз, денсаулығыңызға келер зияны аз болмақ.
Мүмкін болғанынша, үлкен дәреттен соң жуынған мейлінше денсаулықты сақтауға кепілдік береді.