Адвокаттың сөзінше, Ғалымжан қазіргі уақытта ауруханада жатыр.
ERNUR.KZ. Алматыда "Нұр-Мұқасан" тобы төңірегіндегі даудан кейін қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр, деп жазады tengrinews.kz.
Соққыға жығылған музыкант Ғалымжан Сүлейменнің адвокаты Инга Иманбайдың айтуынша, топтың бұрынғы солисті Мұқасан Шахзадаев ұсталған.
Адвокаттың сөзінше, Ғалымжан қазіргі уақытта ауруханада жатыр.
"Ғалымжанға ота жасалды, мұрны сынған. Алдын ала болжам бойынша, ол ауруханада шамамен бір апта болады", – деді ол.
Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 107-бабы "Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру" бойынша тіркелген. Қазір тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Жанжал неден туған?
Адвокаттың айтуынша, жанжалға топтың әні себеп болған. Алайда бұған дейін ешқандай ресми шағым, авторлық құқыққа қатысты талап немесе сотқа дейінгі келіссөздер болмаған.
Сонымен қатар, Иманбайдың сөзінше, оқиғадан кейін Мұқасан Шахзадаев Ғалымжанмен байланысқа шықпаған.
Полиция не дейді?
Бұған дейін Алматы полициясы оқиғаның тіркелгенін растаған.
"22 қарашада Наурызбай аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын азамат М. және өзге де адамдар тарапынан соққыға жығылды деген арызбен жүгінді. Қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін кешенді тергеу амалдары жүргізілі жатыр", – деп хабарлаған еді ведомство.
Тергеу аяқталғаннан кейін заңға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады.


