​Итмұрын – ең маңызды мүшені керемет тазартады

0
1 051


​Итмұрын – ең маңызды мүшені керемет тазартады


Итмұрын өсімдігімен қазақ жақсы таныс. Оның құрамы дәруменге, пайдалы заттарға бай. Итмұрынның мұндай пайдасы жайлы және де бауырды тазалауға тамаша көмектесетінін білесіз бе? Әсіресе итмұрын бауырды өте жақсы тазалайды. Мұндай емді жасаудың да еш қиындығы жоқ.

Итмұрында аскорбин қышқылы, минералдытұздар, қышқылдар мен флавоноидтар өте көп. Осындай құрамының арқасында аталмыш өсімдік көптеген ауруға ем болып, тіпті, алдын алуға да қауқарлы. Мәселен, вирустық инфекцияларға қарсы тұратын иммундық жүйені нығайтып, созылмалы шаршаңқылық пен авитоминозды болдырмайды. Сонымен қатар, итмұрынның бойындағы дәрумендер адамға күш-қуат беріп, көңіл-күйін де тұрақты етуге септігін тигізеді.


Итмұрынның бауырға пайдасы

Итмұрын бауырдың қабынуын жеңілдетеді, зақымдалған жасушаларға пайдалы әсер етеді. Бұл әсіресе ісіктер немесе жаралар үшін өте маңызды. Итмұрын сорпасы бауырдың қабынуы, холецистит, гепатит, цирроз және онкологиялық аурулар үшін қолданылады. Белсенді компоненттер бауырға өт шығаруға көмектеседі, бұл токсиндерден тазартуға, деннің саулығын арттыруға және салмақты тұрақтандыруға негіз болады.

Бауыр ауруларын емдеу және алдын-алу үшін жемістерден, жидектерден немесе итмұрын тамырларынан қайнатпа қабылдау ұсынылады. Алайда ем қабылдамас бұрын бүйрек, ішек, өт тас ауруы, сондай-ақ қант диабеті патологиясының жоқтығына көз жеткізу керек. Мұны көбінесе мұқият тексерусіз білу мүмкін емес, сондықтан процедурадан бұрын дәрігерлік кеңес алу ұсынылады.Бұдан бөлек, тамақтану рационынан зиянды тағамдарды алып тастап, дұрыс тамақтануға ауысып, алдын-ала дайындалу маңызды. Итмұрын қайнатпасын қолданған кезде оған қант қосу ұсынылмайды. Бұл әдіс іш жүргізетін әсерге де ие. Бұл жағдайда асқазан-ішек жолдарын токсиндерден босату арқылы ішектерді тазартуға болады. Тазалау кезінде қатар көбірек су ішу ұсынылады.


Итмұрын тұнбасы қалай дайындалады?


Екі уыс құрғақ итмұрын алып, оларды термосқа салып, 0,5 литр ыстық су құямыз. Шамамен 12 сағат тұруы керек. Жалпы тұнбаны ұйқыға жатардан алдын дайындаған дұрыс. Сосын таңертең аш қарынға 1 стақан тұнбадан ішіп, 20 минуттан кейін тағы бір стакан таза итмұрын инфузиясын ішуге тырысыңыз. Сіз бұл сусынды ішкеннен кейін бір сағаттан кейін ғана таңғы ас іше аласыз. Курсты алты күн бойы жалғастыруға болады. Алайда араға екі күн салып қана емді жалғастыруға болады. Екі күннен соң тұнбаны ашқарынға ішіп, араға екі күн салып тағы жалғастырасыз. Осылай емдік курсты алты күн ішесіз.


Итмұрын тұнбасын былай да дайындауға болады:

3 ас қасық құрғақ итмұрынды жақсылап ұсақтаңыз. Бұл ұнтаққа 2 стақан қайнаған су құйып, түнде термоста қалдырыңыз. Таңертең дайын тұнбаға 3 ас қасық қант алмастырғыш (сорбитол) қосуға болады.

Бұл тұнбаны да 2 дозада ішу керек. Бірінші рет - оянғаннан кейін бірден, аш қарынға тұнбаның жартысын ішу керек. Келесі порция 20 минуттан кейін. Бұл уақытта тамақ ішуге болмайды, бірақ жаттығу ұсынылады. Таңғы асты тек 45 минуттан кейін ішесіз. Ем 3 рет қайталанады. Бірақ әр қабылдау арасында 2 күн үзіліс жасау қажет.

Бауырға итмұрынның баға жетпес пайдасы бар. Бірақ емдеуді бастамас бұрын, оған алдын-ала дайындалу ұсынылады.

Дайындық шараларының кешені емдеу процедуралары басталғанға дейін бір апта бұрын өткізіледі және келесі әрекеттерді қамтиды: Майлы, тұзды, ысталған, ұн және ащы тағамдарды жеуге болмайды. Сондай-ақ, алкогольді және газдалған сусындардан бас тарту керек. Бауырға арналған жеңіл диетаны ұстаныңыз. Судың оңтайлы көлемі күніне 2 литр болып саналады.


ЕСКЕРТУ! Кез-келген емдік немесе салмақ тастауға (қосуға) арналған әдісті дәрігермен кеңесуден кейін ғана қолданыңыз!


Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Дұрыс тамақтануға шектен тыс әуестік денсаулыққа қауіп төндіреді