Ағылшын тілін үйренуді ойынға айналдыру арқылы балаға жеңіл және көңілді түрде үйретуге болады.
көрнекілік: pinterest.com сайтынан
Балаларды ерте жастан және үйде ағылшын тілін үйрету шын мәнінде мүмкін нәрсе. Ең бастысы – ынта болу керек және тиімді әдістерді қолдану керек. Балаларға тілді үйдегі әңгіме үстінде, ойын барысында үйретсе, өте жеңіл үйренеді. Және қазіргі таңда сізге көмектесетін мультимедиа құралдары, интерактивті бағдарламалар мен қосымшалар арқылы балаларға үйрену процесін барынша жеңіл әрі қызықты ету мүмкіндігі артып келеді.
Бұл мақалада сізге уақытты тиімді пайдаланып, балаңыздың шет тілін меңгеруін жеңілдететін тәсілдерді ұсынамыз. Жағымды атмосфера, жүйелі әрқашан сәттіліктің кепілі болмақ. Ағылшын тілін үйренуді ойынға айналдыру арқылы балаға жеңіл және көңілді түрде үйретуге болады. Мысалы, "Peppa Pig" немесе "Dora the Explorer" сияқты мультфильмдер мен Netflix, Disney+ сайттарындағы балаларға арналған бағдарламаларды пайдалану — жақсы көмекші құралдар. Ең бастысы – шыдамдылық танытып, баланың жетістіктерін үнемі қолдап отыру.
Кеңес №1. Мультфильмдерді ағылшын тілінде бірге қараңыздар
Балаларға ағылшын тілін ойын түрінде үйретудің тамаша тәсілі — мультфильмдер көру. Бұл әдістің тиімділігі неде:
- Мультфильмдердегі кейіпкерлердің сөйлемдері қарапайым, негізгі лексика қолданылған, күрделі сөздер мен грамматика жоқ;
- Кейіпкерлер бір фразалары қайталап отырады, ал қайталау — білімнің негізі;
- Баланың сөздік қоры жаңа ұғымдармен, сөздермен және сөз тіркестерімен толығады;
- Мультфильмдер кәсіби дикторлардың айтылуымен дұрыс дыбысталғанү Баланың әр сөзді дұрыс жаттауына көмектеседі;
- Бала ағылшын грамматикасының негізгі ережелерімен танысып, олардың тәжірибеде қалай қолданылатынын көреді;
- Кейбір мультфильмдер субтитрлермен қамтамасыз етілген, сондықтан тыңдау қиын болса, мәтінді оқуға болады.
Балалар мультфильмдерді жақсы көретіндіктен, бұл тәсіл кішкентай мектеп оқушылары үшін өте тиімді. Ағылшын тілін нөлден бастап үйренгісі келетіндер үшін мультфильмдер тамаша көмекші құрал бола алады.
Кеңес №2. Балаңыздың смартфонға деген қызығушылығын пайдаланыңыз
Егер бала смартфонға қызықса, ағылшын тіліндегі білім беру онлайн ойындарын ұсыныңыз. Психологтар мен педагогтар жасаған әр жастағы ерекшеліктеріне сәйкес келетін ойындарды таңдаңыз. Мына қосымшалар мен сайттар жақсы көмектесе алады:
- Oxford Online Learning Zone – түрлі білім деңгейіне арналған ойындар;
- Semantris от Google AI — тетриске ұқсас, бірақ мағыналық блоктарды жинау керек ойын;
- Freddie's Ville – жануарлар, түстер, математика сынды тақырыптарға арналған жылдам ойындар;
- Monkey Puzzles app (Cambridge English) – 4 жастан асқан балаларға арналған 8 шағын ойын;
- Buddy.ai —роботпен сөйлесу арқылы ағылшын тілін жаттықтыра алады;
Кеңес №3. Мнемоникалық тәсілдерді қолданыңыз
Мнемоника дегеніміз — ақпаратты есте сақтау үшін ерекше бейнелерді, ұйқастарды немесе байланыстарды қолдану әдісі. Бұл әдіс есте сақтау процесін жеңілдетеді және балалардың жаңа сөздерді тез меңгеруіне көмектеседі.
Мнемониканы қалай қолдануға болады?
- Ұйқас арқылы жаттау: Тілді есте сақтаудың ең танымал тәсілдерінің бірі. Мысалы, жыл мезгілдерін үйретуде төмендегідей ұйқастарды қолдануға болады:
Қазақша:
Қыс келді — свитер ки,
Winter дейміз, біл енді.
Көктем шуағы spring,
Жазды біз summer деп атаймыз.
Самолетпен алғаш ұшқанда,
Autumn қол бұлғайды сыртта.
- Суретпен байланыстыру: Сөздерді суреттермен байланыстырыңыз. Мысалы, "banana" сөзін айтқанда балаңызға бананның бейнесін көрсетіп, "yellow and sweet" деп сипаттаңыз.
- Қозғалыс арқылы жаттау: Балаңызбен бірге әрекеттерді қайталап, сөздерді айтқызу. Мысалы, "jump" сөзімен секіруді көрсетіңіз.
- Ұқсас дыбыстарды қолдану: Ағылшын сөздерін қазақ сөздеріне ұқсас дыбыстармен байланыстырып жаттау. Мысалы, "pen" сөзін "пенде" деген сөзге ұқсатып айту арқылы есте сақтауға болады.
Кеңес №4. "Сөздерді ретке келтір" ойынын ойнаңыз
Бұл ойын сөздерді дұрыс жазуға көмектеседі. Мысалы, мына сөздерді параққажазып, әріптерді дұрыс қою арқылы аудармасын да жаттатсаңыз болады:
- obotr → robot
- llod → doll
- akeс → cake
- ookb → book
Кеңес №5. Күнделікті уақыт бөліңіз
Ағылшын тілін балаңызға күн сайын, кем дегенде он минут үйретіңіз. Таңертең оқыту тиімдірек болады. Мысалы: таңғы ас кезінде "apple, bread, juice" сияқты сөздерді атаңыз және балаңыздан ағылшынша қайталауын сұраңыз. Кешкі уақытта бірге қараған мультфильмдегі жаңа сөздерді еске түсіріңіздер, балаңыздың есте сақтауы жақсарады.
Кеңес №6. "Дайын тіркестерді" үйреніңіздер
Қажетті жағдайларда қолдануға болатын дайын фразалар мен идиомаларды жаттаңыз. Мысалы:
- How are you? – Қалайсың?
- I am fine, thank you! – Мен жақсымын, рахмет!
- What is your name? – Атың кім?
Бұл тіркестерді отбасылық ойын барысында пайдаланып, сөйлесу машықтарын дамытуға болады.
Кеңес №7. Қызықты тесттер өтіңіздер
Ағылшын тілін әзіл-қалжың форматында тест арқылы үйренуге болады. Мысалы:
- Артық сөзді табыңыз:
- mouth, foot, eye, nose
- arm, ear, leg, head
Ағылшын тілін үйрену баланы жан-жақты дамытуға және әлемдік мәдениетке жақындауға жол ашады. Ең бастысы — баланың қызығушылығын сақтау және оны үнемі қолдап отыру. Қателік жасаудан қорықпауға үйретіңіз, себебі әрбір қателік — үлкен жетістікке жету жолындағы қадам. Баламен бірге ағылшын тілінде оқып, оның жетістіктеріне қуанып, ортақ мақсатқа жетудің әр кезеңін атап өтсеңіз, бұл тек тіл үйрену ғана емес, отбасылық қарым-қатынасты да нығайтады.
Әрбір кішкентай жетістік — болашақтағы үлкен табыстардың негізі. Жасандылықсыз, шынайы қолдау мен ынта әрқашан тамаша нәтиже береді. Сәттілік!