"Приколдар, билеген, ән айтқан видеолар салу керек дегенді естігенмін"
көрнекілік сурет: www.likeni.ru
«Жасым 42-де. Базарда киім сатумен айналысамын. Жасыратын несі бар, қазір бұрынғыдай қыз-қыз қайнап жататын сауда жоқ. Біраз уақытымыз бос отырумен өтеді" деген әйел азамат ERNUR.KZ тілшісіне өз жағдайын түсіндірді.
"Байқауымша қазір «Тик-ток» желісінде тікелей эфирде сататындардың саудасы жүріп тұрған сияқты. Мен де солай жасағым келіп, «тик-ток» аккаунтымды дамыту үшін видеолар түсіріп сала бастадым.
Бастапқыда көбірек адам тіркелуі үшін қызықты, көңілді приколдар, билеген, ән айтқан видеолар салу керек дегенді естігенмін. Енді соны жасауыма балаларым қарсы болып жатыр.
Үлкен ұлым – 23-те. Қызым 18-ге толады. Олардың ойымен де санаспауыма болмай тұр.
Менің ниетімді, жоспарымды, әрекеттерімді дұрыс түсінулері үшін не істесем болады?»