«Еркектер ұнай бастады»: Қызын жалғыз өсірген азамат өзінің "өзгеріп" кеткенінен қорқады

0
2 156

"Ұл өсіріп отырған ата-аналар бұндай қателікке жол бермегені жөн" дейді ол.


«Еркектер ұнай бастады»: Қызын жалғыз өсірген азамат өзінің

Ұлт пен жас таңдамайтын нәрселер қатарында гомосексуалдық та бар. Құлаққа түрпідей тиетін бұл сөз бүгінде қазақтарға таңсық емес. Өйткені гомосексуалдар арамызда бар. Соның бірі Айдар есімді қазақ азаматы.


Әрине гомосексуалдардың өмірі ешкімге қызық емес, алайда бұған не ықпал ететінін әр ата-ана біліп, ұлын қасіреттен сақтандыруға тиісті.


Айдар өзінің қалай гей болғанын ERNUR.KZ тілшісіне әңгімелеп берді.

«Кейбіреулер жасөспірім шақта бойындағы өзгерістерді байқап, қалауын түсіне алмай жатады. Бұған олар қандайда бір психологиялық оқиғаны, тәрбиесіне көңіл бөлмеген ата-анасын кінәлайды. Ал мен кімді, нені айыптарымды білмеймін. Өйткені гомосексуалдықты мен өз қолыммен жасағанмын. Бұны мен кеш білдім.

Мүмкін қасымда жанашырым болса аңғарып, асқындырмай емделуге көмектесер ме еді, кім білсін?! Ал менің ешкімім жоқ. Әрине қызым бар, құдайға шүкір.

Мен балалар үйінде өскенмін. Ата-анамды танымаймын. Олар мені іздемеген, мен де оларды табуға тырыспағанмын. Өйткені мен ешкімге сенбей, өз бетімше өмір сүруге көнген едім.

Жетімдер үйіндегі ер балалардың көбісі ынжық, жалтақ, сонымен қатар жаны жараланғыш сезімтал еді. 18 жасқа толып, бөлек кеткен жігіттермен араласып тұратынмын. Бірі алдауға түссе, бірі түрмеге қамалып, қатал тағдырды бастан өткізіп жатты. Мен солардың бірі болғым келмей, спортты серік еттім. Бұлшықеттерімді шынықтырып, нар тұлғалы азамат болуға талпындым. Нағыз еркек болуға ұмтылдым.

Жоғары білім алдым. Жұрт қатарлы жұмыс істедім. 26 жасымда өзіммен бірге тәрбиеленген жетім қызға үйлендім.

Фото: ufologov.net

Қатарымнан озып кетпесем де, көш соңында қалмадым. Бірақ «әке» деген атты біраз күтуге тура келді. Дәрігерлер келіншегімнің денсаулығынан кінәрат тауып, ол ұзақ емделді. Үш жылдан соң құрсақ көтеріп еді, сол сәтте жатырында өсінді ет (киста) пайда болып, операция жасаттық. Операцияның әсерінен бе, Клара ауруханадан шыққан соң түсік тастап қойды. Емделіп жүріп, араға ұзақ жыл салып тағы да жүкті болды. Бұл кезде менің жасым 35-тен асып қалған болатын.

Жүкітілік кезеңіндегі келіншегімді баладай күттім, барлық жағдайын жасау үшін екі жерде жұмыс істедім.

Әке атандым. Қуанышымда шек жоқ. Бірақ қызым екі жасқа толғанда Клара тағы да ауыра бастады. Дәрігерлер одан жатыр қатерлі ісігін тапты. Асқынған ауру әйелімнің өмірін жалмады.

Ол қайтыс болғанда қызым екі жарым жаста еді. Өз бетінше ботқа жеуге, еңбектеуге үйреніп жатқан. Дегенмен кішкентай балаға қарау қиын болды.

Бастапқыда бала бағушы көмектесті. Бірақ қызым жиі ауырып, ауруханадан көз ашпадық. Тәбеті де жоғалып, қызым көз алдымда жүдеп бара жатты. Әйелімнің өмірін сақтап қала алмадым, енді қызымнан да айырылып қалмайын деп, жұмысымнан шықтым. Уақыт пен көңіл бөлдім. Бірақ сонда да қызыма сүт ішкізе алмай әуреленетінмін. Бір күні санама жақсы ой сап ете қалды.

Гардеробтан әйелімнің көйлегін киіп, орамалын басыма байлап алдым. Сол күні қызымның көзінде қуаныш пайда болды. Бетіме қайта-қайта қарап, күледі. Етегіме оралып, менен бір елі де ұзамады. Көптен бері ұстамай қойған ойыншықтарымен ойнап, уілдеп бірдеңелерді айтады. Сүт те ішті, ботқа да жеді.

Фото: cdn.cdnparenting.com

Таңертең қайтадан қызым тамақ жемей тағы да әуреге салды. Амал жоқ, оны қайтадан алдауға көштім. Иә, Клараның көйлегін киіп, анасының рөлін сомдадым. Есін әлі білмейді дегенмен, әр балаға ана керек екен.

Содан кейін тек дүкенге, дәріханаға барарда, далаға шығарда ғана өз киімімді киетін болдым. Қалған уақытта, яғни үйде әйелімнің киімдерімен жүремін. Кірлесе, басқасын киемін. Осылай Клараның көйлектері, халаттары менің үйде киетін киіміме айналды.

Қызым бес жасқа толғанда үйретпесем де ол мені «папа» деп атай бастады. Енді оны анасының киімін киіп алдаудың қажеті жоқ. Бірақ мен бұл кезде әйелдердің көйлегіне әбден үйреніп қалған едім. Әрине тек үйде ғана киемін. Жұмыстан келген соң киімімнің бәрін шешіп, кең етек көйлекті үстіңе іле салған өте ыңғайлы.

Бір күні қызымды балабақшадан алып келе жатып бір таныс әйелді жолықтырып қалдым. Ол да жетімдер үйінде тәрбиеленген. Асығыс болғандықтан ұзақ сөйлесе алмадық. Бірақ үйге келген соң оның бір сөзі құлағымнан кетпей қойды. Ол «Кекетіп жатырсың ба? Мен солай кербезденіп жүрем бе? Шынымен осылай сызылып сөйлеймін бе?» деген күліп. Сол күні тамақ істеп жатып, кір жуып отырып өзімнің қимыл-қозғалысыма, қылықтарыма мән бердім. Қабырғаға ілінген үлкен айнаның қасынан ары-бері өткен сайын жүрісімді бақылаймын. Белімді бұралаңдатып, бөксемді ойнақшытып жүретін болыппын. Аулада көрші әйелдермен әңгімелескенде де байқадым, мен соларға ұқсап кетіппін.

Жұмыста әріптес достарымның бірі «Гейлерге ұқсамай сөйлеші» деп күлгенде қорқайын дедім. Үйге келдім де марқұм әйелімнің көйлектерін, сөмке мен аяқ киімдерін, бәрін қоқысқа апарып тастадым. Бірақ үш жылдан бері менің сөзім мен жүріс мәнерімде ғана емес, сексуалды мінез-құлқымда да өзгерістер орын алып үлгерген екен.

Фото: img1.goodfon.ru

Бір күні жұмыстағы әріптесіміздің бірі туған күнін атап өтті. Жұмыстан соң Алматыдағы мейрамханалардың бірінде көңілді отырдық. Кеш соңында бойдақтар ғана қалдық. Туған күн иесі түнгі клубқа барайық деп қолқа салған соң келістім. Қызымды көрші әйелдің үйіне тастап кеткенмін, оның үстіне үш жылдан бері әйел құшпағанмын. Ойым қыздармен танысу ғой. Бірақ түнгі клубтан келгеннен кейін еңкілдеп жыладым.

Өйткені менің назарым тек еркектерде болды. Қыздар көп болса да оларды елемедім. Мен өзімнен өзім шошыдым.

Өзімдегі өзгерісті анық байқаған соң бұл қасіреттен құтылуға кіріскеніме төрт жыл болды. Дәрігерге тексерілгенімде, әйелдік гормондардың көбейіп кеткенін айтты. Содан бері еркектерде әйелдік гормонның көбеюіне не себеп болатынын интернеттен іздеп жүрмін. Онда үнемі шалбар киетін әйелдердің еркекшора болатынын, тіпті еркектерге тән тестостерон деген гормонның пайда болатыны жазылған. Бір зерттеу мақалада «Шалбар киетін әйелдің қыпша белі жуандап, уақыт өте келе сымбаты да, мінезі де еркекке ұқсап кетеді» деп жазыпты. Ал еркектердің неліктен әйелге ұқсап кететіні туралы нақты дәйек жоқ. Меніңше, маған да сол киім әсер етті-ау деймін. Әлде қызым үшін үш жыл бойы ананың образына енемін деп, болмысым өзгеріп кетті ме екен?..»


Айдар себебін болжалдағанымен, әлі де нақтысын таба алмай жүргенін айтты. Алаулатып, жалаулатып жібере ме деп, бұл қасіретін таныстарына айта алмай жүр.


Ұқсас оқиғалар:


«"Атаңанәлет" дегенім үшін»: Түркістандық келіншек бір сөз үшін қалай қиналғанын айтып берді


«Періште әумин деген шығар?!»: Бала сүйе алмаған әйел себебін айттыы