​«Түнімен порнографиялық фильм көреді»: түркістандық келіншек күйеуінің денсаулығына алаңдайтынын айтты

0
2 257

«Құрдас келіншектердің біразына әлгіндей видеоларды салады екен»


​«Түнімен порнографиялық фильм көреді»: түркістандық келіншек күйеуінің денсаулығына алаңдайтынын айтты
иллюстрациялық сурет ашық дереккөзден алынды


«Отбасылық өмірде сыртқа ашып айта алатын да, айта алмайтын да нәрселер болады. «Жұрт не деп ойлайды» деп именесің. Ұятың жібермейді. Менің мәселем осындай. Кімге айтарымды білмей шаршап кеттім. Сырымды ақтаратын жалғыз жер ERNUR.KZ сайты-ау деп шамалап, өздеріңізге хабарласып отырмын» деді Эльнұр (есімі өз өтініші бойынша өзгертілді) дейтін келіншек.


Түркістан облысына қарасты аудандардың бірінде мұғалім боп істейтін оқырманымыз күйеуі үшін алаңдайтынын айтады. Оның сөзінше, күйеуіне психологиялық көмек керек көрінеді. Оқиғаның жай-жапсарын Эльнұрдың өзі баяндап берді.


«Үйленгенімізге он бес жылдың жүзі болды. Аллаға шүкір, төрт баламыз бар. Өзім мектептемін, күйеуім мал шаруашылығымен айналысады. Ата-енемізбен бірге тұрамыз. Бір қарағанда тәп-тәуір отбасымыз. Бәрі жақсы сияқты.


Бәленің бәрі түнде басталады. Балалар, ата-енем ұйқыға жатты-ау дегенде күйеуім телефонын қосады да порнографиялық, эротикалық фильмдерді қарай бастайды. Үйленген кезде ондай әдеті жоқ еді. Кейін пайда болды. Басында оның бұл тірлігіне онша мән бермейтінмін. Өзім сабақтан шаршап келіп, дәптер тексеріп, үйдің шаруасынан сілем қатып, жатып қалатынмын. Ол түннің бір уағына дейін әлгілерді көріп, азанда түк болмағандай жұмысын жалғастырып жүре беретін.


Бертін келе әлгі әдеті үдей бастады. Таңға дейін құлағына наушник киіп алып, жиіркенішті көріністерді аузының суы құрып тамашалап отырады. Ұрыс шығарып та көрдім. Арасында қызғанып та қаламын. Бірақ бәрібір бұл жаман әдетін тастар емес. Жақында бір психологтың «Инстаграмынан» «порно суреттер мен бейнекөріністерді көп көрген адамның психологиясы өзгереді» дегенді оқығалы тіпті дегбірім қашты. Жасырып қайтем, ашықтан ашық «неге көп көресің» деп ашық әңгімеге шақырып та көрдім. Бірақ жарытып ештеңе айтпады. «Қолым бос, көргенде тұрған не бар» деп ақталды. Басында «соткамды шұқылап отырғанда алдымнан шығып, жай қарай салдым» дейтін.


Күйеуімнің мұндай тірлігінің үдеп бара жатқанын жақында білдім. Сыныптас жігіттерімен ашып алған чатына күніне 10-20 видео салып отырады екен. Онысын «случайно» қолыма телефоны түсіп қалғанда байқадым. Достарының бір-екеуі «Зб... жібермеші осындайыңды» деп жазыпты. Оны тыңдайтын бай жоқ, неше түрлі көріністерді жүйелі түрде салып отырады екен.


Мен негізі қылтың-сылтыңға жоқ адаммын, жұмыс-үй, одан қалса кішкентайым әлжуаз боп туылды да, құрдастардың отырыстарынан қалып қойып жүрдім. Гәп, той дегенге күйеуім өзі барып жүретін. Бір күні ватсабыма құрдас келіншектен хат келді. «Эльнұр, күйеуіңе бір ауыз айтшы, тойда билеп жүрсем байқатпай бөксемді сипап кетеді, құшақтағансып төсіме қол салып кетеді. Өткен жолы соны күйеуім байқап, үйде әжептеуір ұрыс болды. «Өзің повод бердің» деп миымды жеп жатыр. Маған құлағымның тыныштығы керек» депті. Басында оның бұл жазбасын түсінбей, «тана көзін сүзбесе, бұқа жібін үзбейді, менің байыммен билеп нең бар» деп ашуланғам.


Біраз уақыттан кейін тағы бір келіншектен осы сарынды хат келді. «Сенің күйеуің менің «Инстаграм» парақшамды тауып, подписка жасап алған. Күн сайын порнографиялық видеоларды сала береді. Басында құрдастық әзілі шығар деп мән бермеп едім, енді ол «осындайды көруге қалай қарайсың» деп жазатын болды. Блоктап тастадым. Абайлашы, күйеуің ауырып жүрген жоқ па?» деп жазып, хаттарды скриндеп салыпты. Әлгіні көргенде есімнен тана жаздадым.


Түн ішінде телефонын ақтарып қарасам, қасымда жатқан күйеуім түн ішінде мен танитын бірталай әйелге жаңағыдай нәрселерді жіберіп, әжептеуір әңгіме айтады екен. Менің көңіліме қарап қаншамасы бұл жағдайды айтпай, жасырып жүр екен.


«Мынауың не?!» деп сұрақтың астына алдым. «Несі бар, әзіл ғой әшейін» деп тағы да бет бақтырмады. Түн жарымында бөлмемізде айқай-шу шықты. «Не боп қалды» деп енем жүгіріп келіпті. «Мынаны қараңыз, апа» деп жағдайды түсіндіріп едім, «Қойшы, тегі, түймедейді түйедей етіп... Құрдастарымен әзілдескен түрі ғой. Қыдырып, ішіп, шегіп кеткен жоқ, күнде қасыңда, неден күдіктенесің?» деп баласының сөзін сөйлеп кетті.


Жаңа күйеуім мал шаруашылығымен айналысады деп айттым ғой. Үйде сиыр, бұқа байлап, оны сатады. Бір күні жұмыстан келсем, бұқа мен сиырдың шағылысқанын рахаттана телефонына түсіріп жатыр. Азартқа кіріп кеткен, әлгілерге аузының суы құрып қарап тұр. Сол көріністен кейін күйеуімнен қорқайын дедім. Оның есі дұрыс емес-ау.


Бұл тәуелділік пе, әлде аурудың бір түрі ме? Айта кетейін, төсекте жақсы. Еркектік міндетін тәп-тәуір атқарады. Балаларына да жақсы әке, артық қылығын байқамадым. Бірақ бұлай кете берсе көзі қарауытып, бірдеңені бүлдіріп қоя ма деп қорқамын. Қазір адамның миына кірмейтін қылмыстарды естіп жатырмыз ғой. Осы сайт оқырмандарының арасында жақсы психолог немесе осындай жағдайға тап болған адамдар болса, мәселені шешуге көмек беріңіздерші...»