«Жеңгем жеңіл жүрісімен ұсталып қалды»: алматылық бойжеткен ащы шындықты жайып салды

0
5 658

«Өз ісін жасыру үшін пара беріп отырған»


«Жеңгем жеңіл жүрісімен ұсталып қалды»: алматылық бойжеткен ащы шындықты жайып салды
иллюстрациялық сурет: интернеттен алынды


«Басқа-басқа, туған жеңгемді мұндай опасыздыққа барады деп ойламаппын», - дейді Динара есімді бойжеткен.


Ол ERNUR.KZ тілшісіне бұл жағдайды бастан-аяқ баяндап берді.


«Ағам мен Шынар жеңгемнің үйленгендеріне он жылдан асты. Үш жыл қарашаңырақта, ата-анаммен бірге тұрды. Кейін ол кісілер балаларына қаладан үш бөлмелі пәтер әперіп, бөлек шығарған. Ағам кәсіпкер, жиі іссапарда болады. Ал жеңгем мектепте мұғалім болып істейді. Бір ұл, бір қыздары бар. Дүние-байлықтан кенде емес. Екеуінің шаңырағы ел қызығарлықтай еді. Бірақ сол отбасы таяуда ойрандалды. Оған жеңгемнің жеңіл жүрісі себеп болды. Ол соңғы екі жыл бойы өзінің әріптесімен әмпей-жәмпей болып жүрген екен.


Студент болған соң қалада, ағамның үйінде жүремін. Күні кешеге дейін жеңгемнің суыт жүрісін байқамаппын. Мектебіне барады, келеді. Арасында енді «семинарым бар еді, ашық сабақ өткізу үшін кешке дейін жүріп қалдым» деп кеш келеді. Онысын қалыпты жағдай деп қабылдайтынмын. Екі баланың бірін мектепке, бірін бақшаға апарып-әкелу менің мойнымда. Ерте келген соң тамақты да өзім пісіре саламын. Жеңгемді жеңге деп емес, әпкемдей сыйлайтынмын. Өзі де сыртқа жымын білдірмеген. Ағамның асты-үстіне түсіп, «жаным, күнім» деп еркелеп жүретін.


Бірақ соңғы екі-үш ай көлемінде жеңгемнің алтын бұйымдары жоғала бастады. Олардың біразын ағам мерекелерде сыйлағандықтан, сұрап отырады. «Жүзігің қайда, мен сыйлаған сырғаны неге тақпайсың?» дейді ғой. «Сөмкемнен түсіріп алған сияқтымын», «дәл қазір қайда қойғанымды ұмытып тұрмын» деп неше түрлі сылтау ойлап таба бастады. Оны естіген соң өзімнен өзім қысыла бастадым. Себебі үйге менен басқа ешкім кірмейді.


Сөйтсек жеңгем ол алтын бұйымдарды сатып, тіпті айлығының біраз бөлігін өзін видеоға түсіріп алып, бопсалап жүрген әйелге ауызбастырық ретінде төлеп тұрыпты. Ақырында беретін түгі қалмай, бопсалаушы әйел бар шындықты ағама жайып салды.


... Бір күні үйге түсі суық, өңі түтігіп кеткен бір әйел келді. Кешкі асымызды ішейін деп отырғанбыз. Әлгі кісіні көріп жеңгемнің жаны шығып кете жаздады. «Бұл кісі менің мектептегі әріптес апайым ғой, сабақ бойынша келген, ол жөнінде ертең-ақ сөйлесер едік қой, сәл қоя тұрмайсыз ба?» деп шығарып жібермек болды. Бірақ келген қонақ кетуге асықпады.


«Мен мына әйеліңізбен бірге істейтін жігіттің жұбайымын. Осы күнге дейін үндемей келгенмін. Бұл кісілер өз былықтарын тоқтатар деп ойладым. Сөйтсем бұлардың тірлігі тыйылмай бара жатыр. Әйеліңіз менің күйеуімнің басын айналдырып алған. Қанша уақыттан бері соңына түсіп аңдыдым да, көзімді анық жеткіздім», - деді әлгі әйел.


Ол кісінің айтуынша, бастапқыда бәрін білетінін, күйеуіне тыныштық бермесе бар шындықты жайып салатынын жеңгемнің өзіне айтқан екен. «Жаздым-жаңылдым,. мені қара басты, кешіріңіз» деген. Жеңгемнің ауызбастырық ретінде қымбат әшекейлерін сатып ақшасын берген. Тіпті, ұрлатып алдым деген телефонын алдымызға қойып, суреттері мен видеоларын көрсеткенде көзіміз шарасынан шыға жаздады. Алтын бұйымдарының қайда жоғалып кеткені осыдан кейін түсінікті болды.


Мұндай жағдайды естігенде үстімізден мұздай су құйып жібергендейкүйге түстік. Ағам отырған орнынан тұра алмай, бірден қан қысымы көтеріліп кетті. Жеңгемізге сөйлейтін шама жоқ, дереу жедел жәрдем шақыртып, ағамды ауруханаға алып кеттім. Бақытымызға орай, ағамыз аман қалды. Ал жеңгеміз айыбы ашылған соң сол мезетте үйден тайып тұрыпты. Балаларды да өзімен ала кеткен.


Қазір екеуі заңды түрде ажырасу үшін құжаттарын туралап жатыр. Жеңгем кешірім сұрамақ болып, үйге келіп, бірнеше мәрте ағамның аяғына жығылған. Ағамның жүрегі қатайып қалған сияқты, кешірім бермеймін, сатқын қатынның қажеті жоқ» деп шорт кесті.


Бұл жағдай бәрімізге оңай тимеді. Бір қарағанда биязы мінезді, әп-әдемі жеңгемді мұндай қадамға барады деп ешқайсымыз ойламаппыз.


Мейлі, біріне әйел, екіншісіні күйеу табылар, өмірдің заңы солай. Ал анау кішкентай ғана екі баланың күні не болмақ? Кішкентай қызы әкесін сағынып, жиі ішігіп қалады екен. Мен барып алып келемін, бірнеше күннін соң «мамамды сағындым» деп жылайды. Соларды көріп жүрегім ауырады».


Бізге хабарласқан Динара көпшілікті отбасы дегеннің киелі ұғым екенін, ойланбай істеген іс-әрекеттің соңы опық жегізетінін, мұндай лас әрекеттен аулақ болуға шақырады.


ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:


«Күйеуін үйінен бездіріп жіберді»: жамбылдық әйел құрбысының сырын жайып салды


«Ол күйеуіне тамақ бермей қоятын» «Қара шаңырақтан кеткім келеді»: жас келін жанайқайын жеткізді