2023 жылдан бастап МЫНА ҮШЕУІНЕН бас тартқан адамның ӨМІРІ ЖЕҢІЛДЕЙДІ

0
9 800

Әсіресе, отбасы құрғалы жүрген қыз-жігіттер, оқыңыз, ойланыңыз.


2023 жылдан бастап МЫНА ҮШЕУІНЕН бас тартқан адамның ӨМІРІ ЖЕҢІЛДЕЙДІ

фото: rusinfo.info

Кез келген қарым-қатынас энергия алмасу үшін қажет. Махаббат, достық қарым-қатынастар адамға қуаныш, мотивация, демалыс сыйлап, энергияны арттыруы керек. Ал керісінше қуатыңызды сорып шаршататын, жүйкеңізді жұқартатын, көңіл күйіңізді түсіретін болса, ондай қарым-қатынасты тоқтатыңыз.

Өйткені жағымсыз сценарийге құрылған қарым-қатынас жақсылық әкелмейді. Ол жеке өміріңізге де, психикалық денсаулығыңызға да кері әсерін тигізеді.

Психологтар бұл орайда мынандай 3 деструктивті (бүлдіргіш) қарым-қатынасты өрбітпеуге кеңес береді.

1. Құтқарушы және құрбан

Егер сүйіктіңіз (немесе жарыңыз, досыңыз) бір қателігін қайталай берсе, ондай адамның түзуленуі өте қиын. Олардың арасында саналы түрде қателігін мойындап, өмірін өзгертетіні кемде-кем.

Әрине кім болса да жақын адамын батпақта тастап кете алмасыңыз анық. Бірақ онымен бірге батпаққа бірге батуға, өмір бойы оның құтқарушысына айналуына да болмайды.

Бір-екі рет, мейлі ер кезегі үшке дейін ғой үш рет көмектесуге, өзі жасаған қиындығынан құтқаруға болады. Бұл адамдық парыз, бірақ төртінші рет тағы қол ұшын созу – ақымақтық.
Жауапсыз, өз өміріне немқұрайлы қарайтын адамға уақытыңызды да, күш-қуатыңызды да, сөзіңіз бен ақшаңызды да жұмсамаңыз.

Мысал: Шара күйеуінің ойынқұмарлығын тұрмысқа шыққаннан соң ғана біледі. «Түзуленер. Бала оны өзгертер» деп сенеді. Бірақ «Болды, адам болам» деген күйеуі әйеліне білдіртпей құмар ойынын қоймай жалғастыра береді.

Несие алады, көлігін ойынға тігіп жібереді. Тіпті Шара екі баласын ертіп кетіп қалады. Сонда да оған бұл сабақ болмайды.

Өлердегі сөзін айтып, кешірім сұрап әйелі мен бала-шағасын алып келеді. Бірақ содан бері 20 жыл уақыт өтті, Шара әлі де «Орта жастан асты ғой, балалары да өсіп қалды, енді ақыл кіретін шығар» деген үмітпен өмір сүріп жатыр.

Шара сияқты үмітпен өмір сүріп жатқан әйел көп. Қол көтеретін, тиран, араққұмар, жеңіл жүрісті, жалқау еркекпен құрылған қарым-қатынастарда да әйел құтқарушы рөлінде болады. Өміріңізді, өзіңізді түзелемйтін адамға құрбан еткіңіз келмесе, мұндай байланысты ертерек үзіңіз.



2. Әке-бала немесе Ана-бала

Атауынан-ақ қандай қарым-қатынас екенін біліп отырған шығарсыз?! Иә, бұл көбіне жас айырмашылығы, тұрмыс жағдайы алшақ ерлі-зайыпты (қыз бен жігіт) арасында орнайды. Сондай-ақ ақылы, білімі, көргені көп адам өзінен төмендеуіне үнемі «әке-бала» немесе «ана-бала» қарым-қатынасында болады.

Ең жаманы, бұндай қарым-қатынас «кішкентай» адамның ашылуына, рухани өсуіне, дамуына кедергі болады. Үлкені үнемі кішісіне қамқор боп, әр қимылын бақылауда ұстайды. Өз қалауын істеуге еркіндік бермейді. Тыйым сала береді.

Осылай ол бірте-бірте өзіндегі «мен»-нен айырылады. Өз өмірін сүре алмайды. Армандарын ұмытады. Күндердің күнінде ішке тұншыққан сөздер, ойлар, ашу бомбасы жарылады..

Бұндай қарым-қатынас екі адамды да шаршатады. Ал қарым-қатынас керісінше қуаттандыруы қажет.



3. Шамадан тыс эмоционалды

Драмасыз өмір сүре алмайтын адамдар болады. Олар ойланып, ақылға салып, сабырға келіп содан соң ғана мәселені шешуді білмейді.

Өзі туралы бірдеңені естіді ме, таразылап жатпай-ақ арандатушылыққа тез ереді. Сол сәтте әлгі адамға барады немесе қоңырау шалып айқайлайды.

«Сен пәленшеге бүй депсің, мойында», «Мен туралы не айтып жүрсің?» т.б. деп айналасындағы адамдармен ұрысып-керісіп жүреді. Болмашыны дау-дамайға айналдырып жібереді. Әркіммен жаға жыртысып, дәлелдеп, ақталып, айқайласып, жылап, тіпті соттасып жүргені...

Психологтар бұндай адамдарды шамадан тыс эмоционалды, энергетикалық вампир дейді. Сонымен бірге бұндай адамның өзгеруіне кепілдік жоқ екенін де айтады.

Егер ол драманы, ал сіз тыныштықты қаласаңыз, қарым-қатынасқа нүкте қоя салыңыз. Ал байланысты жалғастыра берсеңіз, тек энергия беруге, ақталуға, оныкі бұрыс болса да «сенікі дұрыс» деуге, жұбатуға, жанжалдың ортасында жүруге, оның көңілін табуға дайын болыңыз. Сонда да ол сізге рақмет емес, сын, мін, ескерту айтып, кінәлайтын болады.

Мысал: Оразкүл Нұржанмен қыз-жігіт боп жүргенде-ақ оның сөз көтере алмайтынын, ашуланып, кез келгенге жұдырық жұмсай салатынын көрген, білген. Өзінің үйлену тойында сыныптасымен жаға жыртысып төбелесіп, той шырқы бұзылғанда, жұрттың бәрі күйеу жігітті әңгіме қылғанда Оразкүл алғаш рет қатты ұялған еді. Бірінші рет күйеуіне ренжіген. Содан кейін қандай тойға барса да төбелеспей қайтпайтын күйеуімен бірге жүруді қойған. Өйткені онымен бірге барса көңіл күйі түсіп, күйеуін алысып, ұяттан екі бетін басып масқара боп қайтады. Көбіне төркініндегі той-томалаққа өзі барып келетін болған.

Арада ұзақ жыл өтті. Олар қартайды. Бірде группаластары инситутты бітіргендеріне 35 жыл толғанын тойламақшы боп, бас қосу ұйымдастырады. Бәрі жарымен бірге баруы керек. Амал жоқ күйеуін ертіп барады. Бірақ екі ай бұрын оған «Тыныш барып, төбелеспей, ішпей қайтшы. Группаластармен төбелесіп жатсаң, мен жерге кіріп кетем ғой» деп айтып түсіндіріп, дайындайды. Алайда қызыуқанды күйеуі бас қосудан ішімдікке тойып алып, шешініп тастап бір әйелдің күйеуімен төбелесіп, тағы да отырыстың шырқын бұзып, жұртты әбігерге салады. «Күйеуіңді алып кетші. Қаншама күн дайындалған әдемі отырысымыздың быт-шытын шығарды ғой», «Осындай мінезін білсең, неге оны ертіп келдің» дегенді естігенде, Оразкүл намыстан жарылардай болды. Үйіне жеткенше өзіне өзі «Бұндай күйеуі құрсын. Өзгермейді, адам болмайды» деп, қайта-қайта күрсінумен болды.


Бұндай токсинді қарым-қатынас көп. Бірақ ең қиыны осы үшеуі екен. Ал, оқырман, сіздің сүйгеніңізбен (жарыңызбен) қарым-қатынасыңыз қандай?

Ж. Смағұлова,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:

Орта жасқа дейін ОСЫ үшеуін орындап үлгер!

Көпшілік ортасында ҚЫСЫЛУ мен ҚЫЗАРУДАН құтқаратын төрт әдіс