Негізгі ереже: табысты, бақытты адам сияқты ойла, сез, әрекет ет.
фото: holidaysmart.com
Америкалық нейробиолог, кванттық физика маманы, мотивациялық спикер әрі медитация саласының үздік инструкторы Джо Диспанзенің есімі таныс болар. Оның "Сен – өзіңе әсер ететін дәрісің", "Миға эволюция жаса" атты кітаптарын да білетін шығарсыз. Ал көптеген адамның өмірін өзгерткен, қатерлі ісік, депрессия, неврологиялық аурулардан айықтырған "Болашақтағы мен" техникасын ше білесіз бе?
Бұл техника – Джо Диспензаның ең маңызды әрі трансформациялық әдістерінің бірі. Ол біздің миымызды, эмоцияларымызды және өмірімізді қайта қалыптастыруға бағытталған. Ендеше, орындап, өзгеріңіз.
Бұл техникада сіз болашақта болғыңыз келетін бейнеңізді, яғни жетістікке жеткен, дені сау, бақытты, сенімді, табысты өзіңізді көз алдыңызға елестетесіз.
Мақсат – сол болашақ бейнені тек ойда сақтау емес, оны эмоция арқылы сезіну. Өйткені, ми үшін нақты өмір мен елестету арасындағы шекара өте жіңішке. Егер сіз жаңа өміріңізді қазірдің өзінде сезіне бастасаңыз, ми соны шындық деп қабылдап, жаңа нейрондық байланыстар құра бастайды.
Орындалуы
1. Жайлы орынға жайғасу
Үнсіз, тыныш жерде отырыңыз немесе жатыңыз. Көзіңізді жұмып, бірнеше рет терең тыныс алыңыз. Бүкіл назарыңызды қазіргі сәтке бұрыңыз.
2. Өзіңіздің болашақтағы нұсқаңызды елестету
Сіз кім болғыңыз келеді? Артық салмағы жоқ, энергиясы көп, спортпен айналысатын адам ба? Өз кәсібін ашып, табысты болған әйел ме? Немесе рухани тыныштығын тапқан, ішкі үйлесімі бар тұлға ма?
Соны түсіңіздей анық, кино көріп отырғандай елестетіңіз. Ол адам қалай сөйлейді? Қалай жүреді? Қандай киім киеді? Қандай жерде тұрады? Бәрін елестетіңіз. Сосын сол жаңа образға жақындап, онымен бірігіп, бір адамға айналыңыз.
3. Эмоцияны сезіну
Сол "Мен" болу қандай сезім береді? Бақыт па? Еркіндік пе? Мақтаныш па? Рақат па?
Осы жаңа болмысты жүрегіңізбен сезіңіз. Бұл өте маңызды. Мысалы, сіз өзіңізді арық, өзіне сенімді адаммын деп елестетсеңіз, дәл қазір соны сезініңіз.
4. Осы күйде 5-10 иинут болу
Сол эмоцияда болыңыз. “Мен қазірдің өзінде сол адаммын” деген сенімді санаға бекітіңіз.
Қалай әсер етеді?
1) Миды қайта бағдарламалайды. Сіз үнемі өткенге мән беріп, "менің қолымнан келмейді" деп ойласаңыз – ми сол ескі нейрондарды қайта-қайта белсендіреді. Ал болашақтағы "мен"-ді сезіне бастасаңыз, ми жаңа нейрондық байланыстар жасай бастайды.
2) Эмоциялық деңгейіңіз көтеріледі. Сіздің қазіргі вибрацияңыз өзгерген сайын, сіздің тартатын оқиғаларыңыз да өзгереді. Джо Диспенза мұны "не сезінсең, соны өміріңе тартасың" деп түсіндіреді.
3) Қорқыныш, сенімсіздік, ескі бағдарлама өшеді. Жаңа сезімдер мен ойлар ескілерін басып, орнына өзін-өзі жақсы көретін, сенімді, болашағына сенетін адам келіп шығады.
Нәтиже қашан байқалады?
Бұл әр адамға байланысты, бірақ орта есеппен алғанда, 3 күнде энергия мен көңіл-күй өзгереді, ми жаңа нәрсені қабылдай бастайды.
7-10 күнде тән мен сана жаңа күйге үйрене бастайды. Тартатын ойлар мен адамдар өзгереді.
21 күнде өзіңіз туралы түсінігіңіз өзгере бастайды. Ескі мінез-құлық әлсірейді.
30 күннен соң айналаңыздағы оқиғалар мен мүмкіндіктер жаңа "Мен" бейнесіне сәйкес келе бастайды.
Жаттығуды күнде 10-15 минут жасау – ең мықты нәтижеге жеткізеді.
Негізгі ереже: табысты, бақытты, денсаулығы зор адам сияқты ойла, сез, әрекет ет.
Дайындаған: Ж. Нұрабай,
Тағы да оқыңыз: