... Жалпы өмірін өзгертуді ойлап жүрген әйелдерге арналады.
Жыл соңында өз өміріңізге шолу жасап шығып, 2019 жылға көңіліңіз толмай отыр ма? Онда 2020 жылды есімдері сізге жақсы таныс мотиваторлардың мынандай кеңестерімен бастап, жыл бойы олардың осы "айтқан" ақылдарын есте ұстаңыз.
Қазақша психологияны дәріптеуші, тренер, кәсіби коуч, отбасылық тәрбие жөнінен рухани лектор Құралай Ошақбаева @quralai_hanum инстапарақшасында мынандай кеңес береді:
«Туфлиіңізді қоқысқа тастаңыз. Ойбай, күнде киіп жүргенін емес. Аяқты қысатын, қажайтын, терісін түлетіп, қанын сорғалататынын лақтыратын кез келді.
Жасап жүрген әрекетіңізді де дәл солай. Нәтиже бермеді ме? Оны тастап, жаңасына кірісіңіз. Жаныңды қинайтын қатынас, жағымсыз әдет, бос әңгіме, керексіз дүниенің бәрін қоқысқа тастау керек.
Күнде кешке отырып алып, телефонмен бос әңгіме айтасыз ба? Подружканың көршісінің құдасының тойында кімге қандай кит салынғаны сізге қаншалықты керек дүние? Ойланыңыз.
«Құдай-ай, осыдан 15 жыл, 45 күн, 35 сағат бұрын әлгі оңбағанға 15 мың теңгемді бекер бердім-ау» деген түкке пайдасыз ойларды ұмытыңыз.
Қалған-құтқан косметиканы, спичкамен шұқып жағып жүрген помаданы, срогы өтіп кеткен дәрілерді, пайдасы жоқ коробка, банка-санкаларды да қазір барып жоқ қылыңыз. Сіз ең жақсысына, жаңасына, әдемісіне лайықтысыз.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні – жұмыс істемейтін, нәтиже бермейтін, пайдасы жоқ дүниенің бәрінен құтылу керек. Өз пайдаңыз үшін...»
Психолог, бірнеше мотивациялық кітаптардың авторы Назгүл Беспаева @nazgul_hanym инстапарақшасында былай дейді:
«Менің соңғы кезде жүрегімнің түбімен, түпкі санаммен түсінгенім күнделікті өмірде 3 нәрсені қүлыптаулы ұстау керек.
ТІЛ. 10 күнәнің 9-ы тілден. Тілдің оразасын жиі ұстап тұрған абзал.
КӨЗ. Көзді де қүлыптаулы ұстау керек дегенім, қорқынышты, жағымсыз, ұсқынсыз нәрселерге қарамастан бұрын, біреудің сіздің ойыңызша бақытты өміріне қызыға, қызғана қарамау.
Мысалы, біз бір дәулетті, сырт көзге бақытты болып көрінетін отбасына қызығып, сол сияқты болсам ғой, осындай байлық менде болса ғой, ең бақытты адам болар едім деп қиялдаймыз. Ал, шын мәнінде ешкім білмейді шынайы бақыт деген не екенін? Жаңағы сіз қызығып отырған отбасы немесе жеке адам да бұған жету үшін қандай құрбандыққа барғаны бір Аллаға аян.
Басқа біреудің сіздің ойыңызша бақытты өміріне күнделікті инстапарақшаларынан немесе т.б. көре отырып, оларға қызығып, қызғана қараған кезде, олардың жақсы жақтарымен қатар, жаман жақтарын да тартып аласыз.
СЕЗІМ. Кезінде, Жумонг ханзада туралы сериалда, осы Жумонг ел басқаруға шақ қалғанда, қасындағы кеңесшісінің айтқаны әлі есімде: «Егер де өз сезіміңе ие бола алмасаң, мына бүкіл елге қалай ие болмақшысың».
Шынымен солай ғой. Өз сезімдерімізге жауапкершілік алып, оларды ақылға бағындыра білмесек, қалай толықтай үйлесімділікке қол жеткіземіз?..»
Рухани лектор, тележурналист, «Рухани практикасы» кітаптарының авторы Жанар Байсеміз-Колесникова @janar_baisemizova интапарақшасында мынандай кеңес береді:
«Энергияны жұтатын нәрселердің бір парасы: аяқталмаған әңгімелер, бітпеген істер, нүкте қойылмаған қарым-қатынастар (ер-әйел байланыс), компьютер бетіндегі «ертең оқимын» деп ысырып сақтап қойған файлдар, сосын көремін, қолым тигенде тыңдаймын деген кино, музыка, әне-міне бітіремін деген кітап, жұмыстан кейін звондаймын деген тел.қоңыраулар, жүрегіңнен өшіре алмай өзіңмен бірге тауға да, тасқа да сүйреп жүрген сенің ойыңша «оңбаған» адамдарға деген реніш, өкпе, қызғаныш бір сөзбен айтқанда барлық «ертең істеймін, бастаймын, бітіремін, ойламаймын» деген дүниелер. Осының бәрін бітіру, аяқтау, жабу, тоқтату керек.
Бұлар біздің жарқын істерге жұмсалуға тиіс энергиямызды жұтып алады.
Алдымен қағазға бәрін тізіп жазамыз. Аптықпай бәрін «обнуляйте»!
- *Әне оқимын, міне бітіремін деген кітапты – мен бұл кітаптан өзіме қажетті дүниенің бәрін алдым, деңіз де, раxмет деп жабыңыз.
- *Компьютердегі файлдарды өшір. Оларды ешқашан ашып оқымайсың.
- *Гардеробтағы тігу керек, жөндеу керек деген киімді жөнде, үй шаруасына да қатысты.
- *Звондаймын деген адамдарға звонда.
- Бәрін бірден істеп тастаймын деп аласұрма. Бір апталық жұмыс.
- Ал, біреулерге деген негатив ойлар мен айтып тастау керек еді т.б. өшпенділік сезімдерді, жаман қарым-қатынастарды, сол адамдарға айта алмаған сөздерді – табиғатқа шығасың да «проговориваете про себя» и сол жерге қалдырамын деп айтасың. Кешірім сұрайсың. Осыдан кейін сендегі энергия сарқырап ағады. Гарантия беремін...»
Кәсіби психолог, Арт-терапевт, Марзия Бекайдар @marziya_bekaidar_kazaksha инстапарақшасында былай дейді:
«...Өмірде адамның басынан бір жағдай өткенде, ол сол жағдайға қатыстының бәрін тек өзінің жеке тәжірибесі арқылы ғана көреді... Бірде орманға биолог, аңшы, орманшы мен қаңғыбасты жіберген екен. Әрқайсысы орманда бір сағаттан болады. Олардың бәрі орманнан шыққан кезде, әркімнен «орманнан не көрдің, не байқадың?» деп сұрайды.
Биолог «Қызық өсімдіктер көп екен. Жер ылғалды, бірнеше айдан соң жаңа өсімдіктерді отырғыза беруге болады. Орманнан тағы сирек кездесетін гүлдерді көрдім...» депті.
Аңшы «аңдардың ізін көрдім, бұл жер аң аулауға таптырмас жер сияқты...» дейді. Орманшы «Ағаштары өте ірі екен, жақсы отын шығады. Ағаштардың сапасы басқаларымен салыстырғанда өзгешелеу...» деп жауап беріпті. Қаңғыбас та өзінің көргенін айтып жатыр: «демалушылар артына өте көп қоқыс қалдырып кеткен, әсіресе өзеннің жаны толып қалған. Бір-екі бөтелке тауып алдым. Қоқыстардың арасынан жейтін тамақ та шықты...».
Бір ғана орман – бірақ жауаптар әртүрлі. Өмірде де дәл солай: бір ғана өмір – бірақ біздің байқайтынымыз бен көретініміз әртүрлі нәрселер».
Психологтың келтірген мысалы бір жағдайды әркім түрліше қабылдайтынын, әр адам өзіне қажеттіні және санасы жеткенді ғана көретінін меңзейді. Сондықтан да біреу сізді түсіне алмаса ренжімеуді, оның түсінігіне түсіністік танытуды «түсіндіреді».
Ал, біз 2020 жылды махаббатқа толы жүрегіңізбен бастаңыз дейміз. Қуанышты күндері де, қайғылы сәттерде де өмірді, ата-анаңызды, өзіңізді, жан жарыңызды, балаларыңызды, бауырларыңызды сүюді тоқтатпаңыз. "Әлемді сүйіспеншілік құтқарады" деп бекерге айтылмағанын әрқашан жадыңызда ұстаңыз!
(Суреттер ашық дереккөздерден алынды)
Дайындаған: Ж. Нұрабайқызы,
Тағы да оқыңыз:
ЖЫЛ аяқталғанша бұны істеп ҮЛГЕРІҢІЗ
Арман ҚАЙТКЕНДЕ орындалады?