Референдум кезінде эпидахуал нашарлаған жағдайда Ashyq жобасы қолданылады.
ERNUR.KZ. Республикалық референдумға әлемнің 51 еліндегі қазақстандықтар қатыса алады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров айтты, деп жазады ҚазАқпарат.
«Қазақстан Республикасының 51 мемлекеттегі өкілдіктері жанынан учаскелер құрылады. Бұл учаскелерде тізімге сайлау құқығы бар, тиісті мемлекетте тұратын немесе ұзақ мерзімді шетелдік іссапарда жүрген және ҚР азаматының жарамды паспорты бар барлық азаматтар енгізіледі», деді Константин Петров Орталық сайлау комиссиясында өткен отырыста.
Шет мемлекеттерге жеке шақыру бойынша, қызметтік, іскерлік және туристік сапарға барған қазақстандықтар учаскелік комиссияға жүгінуі керек және ҚР азаматының жарамды паспортын көрсетуі тиіс.
«ҚР Сыртқы істер министрлігі шетелдегі азаматтардың тізіміне енгізу үшін ҚР аумағынан тыс орналасқан учаскелік комиссияларға көмек көрсетеді. Жалпы, жергілікті атқарушы органдар референдум комиссияларымен бірлесіп, референдум өтетін күні учаскеге келген азамат өзін тізімнен тауып, Конституцияда кепілдік берілген құқығын кедергісіз іске асыруы үшін барлық шараларды қабылдауы тиіс», - деді К. Петров.
Айта кетейік, Орталық сайлау комиссиясы 5 маусымда өтетін республикалық референдум комиссияларының қызметі туралы қаулы қабылдады. Үгіттеу жұмыстары референдум тағайындалғаннан сәтте басталып, дауыс берудің аяқталуына бір күн қалғанда, яғни 2022 жылы 4 маусымда сағат 00-00-де аяқталады.
Референдум кезінде эпидахуал нашарлаған жағдайда Ashyq жобасы қолданылады.