Дауыс беру 9 964 референдум учаскесінде өтіп жатыр.
ERNUR.KZ. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман айтты, деп жазады ҚазАқпарат.
«Облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалық референдум комиссияларының деректеріне сәйкес, астана уақытымен сағат 08.00-дегі жағдай бойынша барлық өңірде 9 947 референдум учаскесінде дауыс беру басталды.
Сондай-ақ 15 шет мемлекеттегі Қазақстан Республикасының өкілдіктері жанындағы 17 учаскеде дауыс беру басталды. Шетелдегі 48 учаске уақыт айырмашылығына байланысты өздерінің жергілікті уақытымен дауыс беруге кірісті.
Осылайша, қазіргі таңда дауыс беру 9 964 референдум учаскесінде өтіп жатыр», - деді Мұхтар Ерман.
Оның атап өтуінше, сағат 10-нан бастап Орталық референдум комиссиясының мүшелері әр екі сағат сайын брифинг өткізетін болады.