Сайлаушылар тізіміне еніп, дауыс беру процесін жеңілдету үшін дипломатиялық өкілдікке алдын ала мәлімет беру керек.
ERNUR.KZ. Қазақстандықтар әлемнің 52 елінде референдумға қатыса алады, деп жазады inbusiness.kz.
52 елдегі учаскелік сайлау комиссияларының нөмірлері мен мекен-жайлары Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында орналасқан.
Шетелдегі сайлау учаскелері Нұр-Сұлтан қаласына қарайды. Сондықтан комиссия мүшелерінің біліктілігін арттыру үшін түрлі семинар-кеңестер ұйымдастырылып жатыр.