Мыңға тарта қоғамдық көлік 78 бағытта жолаушы тасымалдаумен айналысады.
Ағымдағы жылдың 5 маусымында қалалық қоғамдық көліктерде Шымкент қаласының тұрғындар мен қонақтары тегін тасымалданады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Аталмыш акция тасымалдаушы компаниялар тарапынан 2022 жылы 5 маусымында өтетін республикалық референдумды қолдау мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Осы күні қала аумағында мыңға тарта қоғамдық көлік 78 бағытта жолаушы тасымалдаумен айналысады.