Референдум кезінде маска тағу міндеттеле ме – министр түсініктеме берді

0
444

Министр маңызды саяси шара кезіндегі карантин шараларының нақты қандай болатыны айтты.


Референдум кезінде маска тағу міндеттеле ме – министр түсініктеме берді

ERNUR.KZ. Жуырда елімізде өтетін жалпыхалықтық референдум кезінде карантиндік шаралардың өзгеруі немесе өзгермеуі сол уақыттағы эпидемиологиялық ахуалға байланысты болады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Орталық коммуникациялар қызметінде ұйымдастырылған брифинте айтты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Министр еліміздегі маңызды саяси шара кезіндегі карантин шараларының нақты қандай болатыны әзірге белгісіз екенін мәлімдеді.

«Маска тағу жөнінде сұрақ болды. Егер эпидемиологиялық жағдай жақсы болса, коронавирус инфекциясы ушықпаса, онда ешқандай санитарлық-эпидемиологиялық талаптар болмайды. Бірақ егер азаматтар адам көп жиналған жерде өз денсаулығы үшін маска таққысы келсе, ол әркімнің өз құқығы. Барлығы сол кездегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты болады», - деді Ажар Ғиният.