Тәуелсіз Қазақстан тарихында аса маңызды мәселелер жалпыхалықтық дауыс беруге осымен екінші мәрте шығарылып отыр. Бүгін біз болашақ даму жолымызды бүкіл ел болып бірлесе шешкелі отырмыз. Бұл қадам ел ертеңі үшін әрбір азаматтың ой-пікірінің қаншалықты маңызды екенін, жаңа мемлекет құруда өзінің де үлес салмағы барын сезінуге мүмкіндік береді.
Конституциялық реформаға байланысты өтіп жатқан республикалық референдумда 100-ге келген қарт ана Ибрагимова Заря және Барахова Сайлаукүл аналарымыз өз таңдауын жасады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бүгін еліміздің Ата заңына түзетулер топтамасын енгізуге қатысты жалпыхалықтық референдум өтуде. Бұл өзгерістер жалпы тыныс-тіршілігімізге, құқығымызға, өмірімізге байланысты өзгерістер. Сондықтан саяси маңызы өте жоғары іс-шара. Қазіргі конституциялық реформа тікелей бүкілхалықтық дауыс беру арқылы жүзеге асырылатыны қуантады. Конституциялық түзетулер жобасы бойынша азаматтардың референдумда дауыс беруі біздің демократиялық қағидаттарды ұстанымымызды көрсетіп, сайып келгенде мұның барлығы Мемлекет басшысы ерекше назар аударатын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес келетінін жеткізді.
Жалпыхалықтық референдум халыққа тең мүмкіндіктер береді. Ата заңға енгізілетін түзетулер мен толықтырулар - демократиялық мемлекет қалыптастырудағы маңызды қадам дейді тұрғындар. Саяси науқанға қатысты көптің пікірі де әр алуан. Дегенмен халықтың басым бөлігі референдумды қолдайтынын білдіріп жатыр.