Еліміздегі ЕҢ ТАНЫМАЛ саяхатшыларды танисыз ба?

0
3 243

Олар көптеген адамға шабыт сыйлаған.


Еліміздегі ЕҢ ТАНЫМАЛ саяхатшыларды танисыз ба?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Жер бетінде қанша адам болса, сонша талғам мен таңдау бар деген сөз. Тиісінше, саяхатты жан-тәнімен сүйетін азаматтар да жетерлік. Осы орайда, оқырман назарына еліміздегі ең танымал саяхатшыларды ұсынып отырмыз. Мүмкін, осы азаматтар кей адамдарға шабыт беріп, олардың да саяхаттауына ықпал ететін болар.


Данат Әлиев

Данат саяхаттауды он жылдай уақыт бұрын бастаған. Әлеуметтік желіде 100 мыңнан астам оқырманы бар. Себебі, ол әрдайым жүрген жерінен көз тартар суреттер мен қызықты да пайдалы жазбалар жариялап отырады. Ол осыған дейін бір жыл ішінде Боливия, Бразилия, Перу, Египет, Иордания, Жапония және АҚШ елдеріне саяхаттапты. Бір жыл ішінде осында жермен танысу ғажап сезім сыйлайтыны сөзсіз.


Андрей Гундарев (Алмазов)

Андрей осы уақытқа дейін әлемнің 50-ден астам еліне, 400-ден астам қалалар мен елді мекендерге барып, «7 шың», «7 жанартау», «қар барысы» секілді альпинистік бағдарламаларының қатысушысы атанған. Сонымен қатар, Охос-дель-Саладо деп аталатын әлемдегі ең биік жанартауда болған алғашқы қазақстандық.


Александр Габченко


Александр – велосипед шытырман оқиғалары клубының негізін қалаушы, беделді алматылық велоэнтузиаст, танымал аутдор блогер, түрлі экспедицияларда он жылдан астам уақыт бойы тәжірибе жинаған велошабандоз. Осыған дейін еліміздің әр өңірінің табиғи бұрыштары бойынша жеке жүріп өтуді көздейтін «I Run Kazakhstan» жобасын іске қосқан.


Ұлан Әлімбек

Ұлан «Үздік Instagram аккаунты» номинациясы бойынша Қазақстанның бірінші ұлттық туристік сыйлығының жеңімпазы. Оның қоржынында 33 мемлекет болғанымен, өзін «өз елінің басты туристі» деп атайды және негізгі әңгімелері өз Отанымыздағы саяхаттар туралы.


Катерина Кошко

Катерина бір кездері жылына кемінде екі рет саяхаттау үшін өзіне қолайлы жұмысын тастаған екен. Нәтижесінде бұл шешім оны қызықты жоба photosafari.kz-ке әкеліп, жыл бойы саяхаттау мүмкіндігіне ие болған. Фотосафари – Қазақстан бойынша ауқымды экспедициялар ұйымдастыра бастаған және еліміздің ең керемет жерлерін бірінші болып ашатын жоба.


Нұржан Алдашев

Нұржан – Qazaq Geography экспедицияларын ұйымдастырушы, таулар мен табиғатты сүйетін адам. Саяхатшыларға арналған әртүрлі пайдалы ақпараттар және кеңестермен бөліскенді ұнатады. Ол Норвегия мен Грузияны ерекше елдер ретінде атап өткен. Өзбекстаннан жиі бой көрсетеді. Оның парақшаларынан Армения, Италия, Жапония, Португалия және Үндістан туралы жазбаларды жиі кездестіресіз.


Қуат Болатов

Қуат Голландияда оқыған. Соған байланысты оның парақшасы зімбір үйлер, еуропалық сәулет туындылары мен әдемі пейзаждарға толы. Бірақ, соған қарамастан ол басқа аймақтардың фотосуреттерін де бөліседі.


Әлия Тен

Әлия Қазақстанда да, елден тыс жерлерде де саяхаттап жүреді. Мамандығы – журналист, сонымен қатар кәсіби фотограф. Демек, оның парақшасынан әдемі суреттерді көріп, мағыналы мәтіндерді оқи аласыз деген сөз.


Әнуар Нұрпейісов

Әнуар Нұрпейісов көпшілікке әктер ретінде ғана емес, саяхатшы ретінде де танымал. Ол осыған дейін туған жерінің сұлулығын белсенді насихаттаған азамат. Өйткені, Қазақстанның бірегейлігі, түпнұсқалығы және тартымдылығы туралы айту – оның армандарының бірі екен.


Біржан Шәкәрім

Біржан біраз уақыт бойы саяхат туралы әңгімелер айтып жүріп, кейіннен әлемнің көптеген жеріне саяхат жасаған. Тіпті, бірер жыл бұрын Филиппинде жүрген кезінде оның заттары түгелдей дерлік қөолды болған. Дегенмен, ол қайта қамданып, саяхаттауды жалғастырып жатыр.


Мағжан Сағымбаев

Мағжан бір кездері әлемді велосипедпен шарлап шығып, мұны жасаған алғашқы қазақстандық болған. Содан кейін оның әлеуметтік желідегіпарақшалары тұралап қалған. Себебі, ол саяхаты туралы кітап жазған. Туындысы – «Екі дөңгелектегі көшпенді» деп аталады. Жазылған еңбекте ол өзінің үлкен саяхаты кезіндегі шытырман оқиғалар туралы әңгімелеп, бүкіл әлемдегі қиындықтар жөнінде баяндаған.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


АДАМ ТҰРМАЙТЫН аралды жалғыз өзі «ЖҰМАҚҚА» АЙНАЛДЫРҒАН азамат


Саяхатшылар Амстердамға баруға неге ҚҰМАРТАДЫ?