Қысқы демалыстың артықшылықтары ӨТЕ КӨП!

0
3 153

Мұны сіздің де білгеніңіз дұрыс.


Қысқы демалыстың артықшылықтары ӨТЕ КӨП!

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Пикник, балмұздақ, күннің батуы және тәтті қауын-қарбыз — бұлар жаз мезгілінің ажырамас атрибуттары. Дегенмен, қысқы маусымда саяхаттағанның да өзіндік ерекшеліктері бар. Мәселен, суықта серуендеп, жылы жерге кірудің өз бір ғанибет. Оған қоса қыста билеттер арзандап, табиғат тамаша күйге еніп, шытырман оқиғалар көбейеді.


Қыста демалған неліктен керемет?

Жаз айлары біз үшін ең қолайлы демалыс уақыты болып саналады. Себебі, бұл мезгілде бүкіл Еуропа саяхатқа ыңғайлы болады. Бірақ, туристердің көптігінен кейбір нысандарда ұзын-сонар кезек пайда болып, тіпті жағажайлардан бос орын табылмай жатады. Ал, күз бен қыс емін-еркін демалуға мүмкіндік сыйлайды. Сондай-ақ, бұл кезде туристер арасында таныла қоймаған қонақүйлер жиі жеңілдік жасап, саудагерлер мен гидтер те бағаны төмендетуге келіседі.


Қыстың қай бөлігінде демалысқа барған дұрыс?

Қыста немесе күздің аяғында демалу – ең алдымен қаржы үнемдеуге мүмкіндік береді. Әсіресе, қараша және ақпан айларында демалу құны өте арзан болады екен. Дегенмен, қыстың басқа бөлігінде де арзан билет табу оңайға соғады. Ең бастысы – қаржы үнемдегіңіз келсе, саяхатты жаңа жыл мерекесі кезіне жоспарламаңыз. Себебі, бұл уақытта көптеген нәрсенің бағасы шарықтау шегіне жетеді.


Ал, егер қысқы мереке кезінде саяхаттағыңыз келсе, бару және келу билеттерінің арасын ұзартуға тырысыңыз. Мысалы, барлығы 30 желтоқсаннан 10 қаңтарға дейін демалса, сіз 28 желтоқсаннан 12 қаңтарға дейін жоспар жасаңыз. Сондай-ақ, демалыс уақытын неғұрлым ертерек құрып, билетті де ертерек алу ақша үнемдеуге мүмкіндік беретінін есте ұстаңыз.


ЕНДІ ҚЫСҚЫ САЯХАТҚА ҚОЛАЙЛЫ БІРНЕШЕ БАҒЫТТЫ ҚАРАСТЫРАЙЫҚ.


Охрид көлі, Солтүстік Македония және Албания шекарасы

Қыста Солтүстік Македониядағы ауа температурасы 0 °C-тан өте сирек түседі. Қыстың көп бөлігінде температура +5-+8 °C аралығында болады. Яғни, серуендеу ыңғайлы. Бірақ жылы киімдерді өзіңізбен бірге алып жүру керек.

Солтүстік Македониядағы Охрид қаласы ескі еуропалық ертегінің беттерінен шыққан сияқты. Жайлы көшелердегі шамдар қала маңындағы үйлер мен ферма дүкендерін жарықтандырады. Көркем көлдің бойында ағаш алқабы – Пирс созылып жатыр. Сонымен қатар, жергілікті отбасылардың өз қайықтары, шарап жертөлелері мен сүйкімді мысықтары ерекше әсер қалдырады.

Жазда жағажайларда туристер мен кәдесый саудагерлері толып жүреді. Бірақ, қыста Охрид өзгеріп, жағалау романтикалық кейіпке айналады. Ғимараттарда Рождестволық шамдар жыпылықтап, алаңда шарап және тәтті жәрмеңкелері қызады.

Атмосфераны толықтай сезіну үшін қаланың ескі бөлігінде тұрақтап, түскі асқа шағын отбасылық таверналарды қараңыз. Шуақты ауа—райында термосқа шай құйып алып, жергілікті саябақтағы таулармен қоршалған көлді тамашалауға болады.


Грузиядағы шаңғы демалысы

Қыста Грузияда да ауа температурасы 0 °C-тан төмен түсе бермейді. Басым бөлігінде +1-+ 5 °C аралығында және күн ашық болады. Ал, қар әлеміне ену үшін сондағы тауларға барып, шаңғы курорттарында демалу қажет. Қаңтар-ақпан айларында Ғрузия қалаларындағы жағдай тамаша болмағанымен, таулары ғаламат демалыс аймағына айналады. Әсіресе, қысқы Грузия шаңғышыларға қатты ұнайды. Тіпті, олар Гудаури және Бакуриани курорттарында желтоқсанның ортасынан наурыздың ортасына дейін, кейді сәуірдің соңына дейін демалады.

Жергілікті шаңғы кешендерінде жаңадан бастаушыларға да, тәжірибелілерге де арналған жолдар бар. Ал, кәсіпқойлар Гудауриді «Фрирайдтың Меккесі» деп атайды екен.

Егер сіз шаңғымен сырғанауды ұнатпасаңыз да, қыста Үлкен Кавказ жотасының баурайында демалу-бұл рахат. Қарлы күндерде грузин тағамдары мен жергілікті қонақжайлылық әсіресе қуантады-сіз тропиктен гөрі жақсы демаласыз.



Мальдив аралдары

Қыста Мальдив аралдарында ауа-райы қандай болады? Нақтысын айтсақ, қарашадан сәуірге дейін бұл аралдарда аспан бұлтсыз және су мөлдір болады. Ауа температурасы +30 ºС болса, мұхит суы + 25 ºС бағамда тұрады. Демек, шомылу үшін ең жақсы уақыт. Жалпы, Мальдив аралдарына саяхаттаудың ең жақсы уақыты – ӘРҚАШАН.

Қыста ғажайып аралдарда жаңбыр жауып, балықтар сүңгуірлермен ойнап жүреді. Ал, судағы виллалар романтиктерді шақырып тұрады.

Жалпы, қыста қаржы үнемдей отырып, демалыстың кез келген түріне қол жеткізуге болады.



Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Қатар саяхатшыларға ҚАНДАЙ ҒАЖАЙЫПТАР ҰСЫНАДЫ?


Гүлденген Афинадан Аяз Ата қаласына дейін: Қысқы саяхатқа арналған 7 қала