​Димаш Құдайбергенннің ата-әжесін облыс әкімі құттықтады

0
3 679

Димаш Құдайбергеннің отбасы "Мерейлі отбасы" байқауының облыстық кезеңінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды, ERNUR.KZ.


​Димаш Құдайбергенннің ата-әжесін облыс әкімі құттықтады

фото aktobegazeti.kz

Димаш Құдайбергеннің отбасы "Мерейлі отбасы" байқауының облыстық кезеңінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды, ERNUR.KZ. Ақтөбе облысы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Өңірлік кезеңнің қатысушылары 24 мамыр, бейсенбі күні Ақтөбеде салтанатты түрде марапатталды.

Айта кетейік, Ақтөбеде байқаудың танымалдылығы мен беделі күн сайын өсіп келеді. Биыл облыстағы 148 елді мекеннен 500-ден аса отбасы қатысуға өтініш берді.

Екі айналымның қорытындысы бойынша гран-при иегері Құдайберген Айтбаев пен Миуа Низамутдинованың отбасы атанды.

Елу жыл отасқан жұбайлар бір ұл мен екі қызды, сонымен қатар, тоғыз немерені тәрбиеледі. Солардың бірі – әлемге әйгілі бірегей вокалист Димаш Құдайбергенов. Айтбаевтар әулетіне байқауға қатысып, жеңімпаз атанғандары үшін алғыс хат пен шипажайға жолдама берілді.

Жеңімпаздарды облыс әкімі Бердібек Сапарбаев құттықтады.

"Ұйымдастырушылардың атынан барлық 506 отбасыға қатысқаны үшін алғыс айтқым келеді. Отбасымемлекетті құратын қоғамның бөлшегі. Егер отбасында бірлік, жақсы тәрбие, білім, мәдениет, отанына деген сүйіспеншілік болса, тұтас мемлекет те сондай болады. Әрине, Қазақстанның жетістігі, ең алдымен, әрбір қазақстандық отбасының еңбегі. Сондықтан мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық отбасылардың өркендеуін, әрбір отбасы мүшелерінің лайықты білім алуға, шығармашылық пен спортпен шұғылдануға, дені сау және бақытты болуын қамтамасыз ету үшін барлығын жасауда", — деді облыс басшысы.

Ол Айтбаевтарға отбасылар күнімен сәйкес келетін конкурстың соңғы республикалық кезеңіне жеңіс тіледі.

Жыл сайынғы "Мерейлі отбасы" байқауы Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен құрылды. Негізгі мақсат — моральдық құндылықтардың жаңаруы, мәртебені көтеру және отбасы мен некеге деген оң имиджді қалыптастыру.