Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынған.
Сурет: Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі таратқан видеодан скриншот
Шымкент қаласындағы Еңбек мобильділігі орталығының басшысы жемқорлы бойынша күдікке ілінді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ақпарат таратты.
«Шымкент қаласының «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
Ол «Бастау Бизнес 2023» ұлттық жобасы шеңберінде гранттардың нысаналы пайдаланылуына мониторингті жүзеге асыру кезінде жалпы қамқорлығы үшін делдал арқылы 200 мың теңге сомасында пара алу бойынша күдікті.
Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.
"Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі", делінген хабарламада.