«Shymkent City» қалашығында орналасқан 10 көпқабатты тұрғын үйдің 540 арендалық пәтері табысталған.
Үшінші мегаполис тұрғындарына түрлі санаттар және бағдарламалар бойынша жыл басынан бері қанша баспана табысталғаны анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Атап айтсақ, «Shymkent City» қалашығында орналасқан 10 көпқабатты тұрғын үйдің 540 арендалық пәтерінің 177-сі көпбалалы отбасылар мен халықтың әлуметтік әлсіз тобы санатына жататындарға, 108 пәтері жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және 255 баспанасы мемлекеттік қызметкерлер санаттарындағы азаматтардың пайдалануына берілген.
Сондай-ақ, «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша кезекке тұрған көпбалалы, толық емес, мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылардан 1010 өтінім қабылданған. Ал, «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша 692 отбасына жолдама беріліп,Тұрғын үй құрылыс жинақ банкісінің мәліметіне сәйкес, банкте жалпы сомасы 3 597 938 159 теңгені құрайтын 277 азаматтың құжаттарымен төлем қабілеттілігін растау жұмыстары жүргізілуде және 2 976 459 159 теңге сомасына 226 несие берілген. Оның ішінде санаттар бойынша: 90 көп балалы отбасыларға – 1 225 452 000 теңге, 105 толық емес отбасыларға – 1 319 385 159 теңге, 31 мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға – 431 622 000 теңге сомасында несие берілген.
Сонымен қатар, бағдарламаны тұрақты түрде тұрғындарға түсіндіру мақсатында «Ақпараттандыру орталығы» ашылып, онда екінші деңгейлі банк пен құрылыс компанияларының, «Баспана» Ипотекалық ұйымының өкілдері «7-20-25» және «2-10-20» бағдарламаларына қатысты сауалдар бойынша қала тұрғындарына түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге бұл бағдарлама бойынша 16 азамат 217,0 млн. теңгені құрайтынқаржыға екінші нарықтағы тұрғын үйлермен қамтылған.
Ал, Шымкент қаласындағы жұмысшы жастарға жақын арада 5 жыл мерзімге 30 пәтер берілді.
Айта кетейік, бұл туралы Шымкент қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының мамандары ресми мәлімдеме жасады.
фото: ашық дереккөзден