2025 жылға арналған медициналық қызметтерді сатып алу веб-порталда автоматтандырылған режимде жүргізіледі

0
167

Жаңа ережелер бойынша медициналық қызмет жеткізушілеріне қойылатын талаптар күшейтілді. Кеңес барысында медициналық ұйымдардың қызметі ұлттық аккредитация санаты, кадрлармен қамтамасыз етілуі, жабдықтармен қамтылуы, медициналық көмек көрсету сапасына қатысты айыппұлдардың көлемі, негізделген шағымдардың болуы және басқа да көрсеткіштер бойынша бағаланатыны атап өтілді. Сонымен қатар, ұзақ мерзімді келісімшарттар жасау тәртібі түсіндірілді.


2025 жылға арналған медициналық қызметтерді сатып алу веб-порталда автоматтандырылған режимде жүргізіледі

Шымкентте 2025 жылға арналған медициналық қызметтерді сатып алу, сондай-ақ халыққа медициналық көмек көрсету сапасы мен арыз- шағымдар мәселелері бойынша қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков пен ӘМСҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Ляззат Алимованың төрағалығымен кеңес өтті.

Қор филиалының директоры медициналық ұйымдардың басшыларына жеткізушілерді іріктеу және қызмет көлемін бөлу тәртібі жөнінде Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрықтарына енгізілген өзгерістерді түсіндірді.
Жаңа ережелер бойынша медициналық қызмет жеткізушілеріне қойылатын талаптар күшейтілді. Кеңес барысында медициналық ұйымдардың қызметі ұлттық аккредитация санаты, кадрлармен қамтамасыз етілуі, жабдықтармен қамтылуы, медициналық көмек көрсету сапасына қатысты айыппұлдардың көлемі, негізделген шағымдардың болуы және басқа да көрсеткіштер бойынша бағаланатыны атап өтілді. Сонымен қатар, ұзақ мерзімді келісімшарттар жасау тәртібі түсіндірілді. Бұл шаралар қызметтерді сатып алу процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге және халыққа медициналық көмек көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған.
Кеңес барысында өңірлік комиссия мүшелері жаңа қызмет жеткізушілерінің медициналық көмек көрсету стандарттарына сәйкестігін тексеру мақсатында олардың өндірістік базаларын аралайтыны да айтылды.
ӘМСҚ филиалы директорының орынбасары Арапкүл Ізбасарова амбулаторлық медициналық оңалту қызметтерінің сапасы бойынша жүргізілген мониторинг нәтижелері мен биылғы жылдың 10 айында халықтан түскен арыз-шағымдардың талдауын баяндады.
Бөлісу