21 мың шымкенттік "Birgemiz" қорынан 50 мың теңге алды

1
1 551

Мегаполистегі 21 мың мұқтаж отбасыға 15 сәуірге дейін көмек көрсету жоспарланған.


21 мың шымкенттік

Елімізде құрылған «Birgemiz» қорынан 21 мың шымкенттіктің есепшотына 50 мың теңгеден қаржы аударылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Nur Otan» партиясы Шымкент қаласы филиалының мәліметінше, қала аумағындағы төрт ауданда тұратын 21 мың мұқтаж отбасыға 15 сәуірге дейін көмек көрсетуді жоспарлаған. Қазір жоспар толығымен орындалды.

Айта кетсек, қаладағы аз қамтамасыз етілген тұрғындарды қолдау мақсатында қалаға қарасты Абай, Әл-фараби, Еңбекші, Қаратау аудандарының әкімдіктері жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы көмекке мұқтаж отбасылардың тұрмыс жағдайына мониторинг жүргізген. Олардың арасынан аса мұқтаж отбасылар іріктеліп, арнайы тізімге енгізілген.