​Агенттік өкілдері Шымкенттен шығатын отандық аяқкиімді сатып алды

0
1 229

«LUX shoes» ЖШС өндіретін аяқкиімнің сапасы Шпекбаевтың көңілінен шықты.


​Агенттік өкілдері Шымкенттен шығатын отандық аяқкиімді сатып алды

Шымкент қаласына іссапармен келген ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев шаһардан шығатын отандық өнімге жоғары баға берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Нақтырақ айтсақ, «LUX shoes» ЖШС өндіретін аяқкиімнің сапасы Шпекбаевтың көңілінен шығып, өндірушілерге сәттілік тіледі. Сонымен қатар, компания басшылығына бизнесті одан әрі дамытуда сатып алушылардың кез келген өндірістің негізгі қозғаушы күші екендігін де айтып өтті.

Агенттіктің кәсіпкерлерге сыбайлас жемқорлық пен әкімшілік кедергілерге тап болуы сияқты жағдайларда көмек көрсетуге дайын екендігін жеткізген ол «Адалдық алаңы» жобасының инвесторлар үшін маңыздылығын да атап айтты.

Сондай-ақ А.Шпекбаев өзінің әріптестеріне қазақстандық тауарларды сатып алуға ұсыныс айтты. Ұсынысты қабыл алған ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері оңтүстік өңірдің кәсіпкерін қолдау әрі басқаларға үлгі болу мақсатында 12 мың теңгеге таза былғарыдан тігілген аяқкиім сатып алды.