​Әлеуметтік желідегі әдепсіз әрекеті үшін шымкенттік үш тұрғын жауапқа тартылды

0
48

Екеуі 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, біреуіне 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.


​Әлеуметтік желідегі әдепсіз әрекеті үшін шымкенттік үш тұрғын жауапқа тартылды

Шымкент қаласында әлеуметтік желідегі әдепсіз әрекеті үшін үш тұрғын жауапқа тартылды.

Қоғамдық тәртіпті бұзу жайттары үшін жауапкершілік көзделгені туралы ескертулерге қарамастан, әлеуметтік желілерде мұндай құқық бұзушылықтар әлі де тіркелуде.

Мәселен, интернет кеңістігіне жүргізілген мониторинг барысында полицейлер Шымкенттің үш тұрғыны тікелей эфирде бейәдеп сөздер айтып, айналасындағыларға ашық құрметсіздік танытып, қоғамдық тәртіпті бұзған бейнежазбаны анықтады.
Құқық бұзушылардың жеке бастары анықталды. Олар - 19 жастағы Ж.Қ, 18 жастағы Б.У. және 20 жастағы К. Б. есімді азаматтар.
Үшеуі де ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар К.Б-ға қатысты тыйым салынған орында қорқор тұтынғаны үшін де тиісті шара қабылданды.
Сот шешімімен екі тұрғынның әрқайсысы 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Ал біреуіне 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
Полиция ескертеді: әлеуметтік желілерді қоса алғанда, кез келген қоғамдық ортада белгіленген тәртіп пен әдеп нормаларын сақтау міндетті. Әрбір құқық бұзушылыққа заң аясында тиісті құқықтық баға беріледі.
Бөлісу