Мәртөбе елді мекенінде жоғары қысымды газ құбырынан газ шығыны анықталды.
“ ТҰРҒЫНДАР НАЗАРЫНА!
03.02.2024 жылы сағат 21:45-те Мәртөбе елді мекенінде Ду-325 мм жоғары қысымды газ құбырынан табиғи газдың шығыны (утечка) анықталды. Апат салдарынан 1500 жеке газ тұтынушы мен 7 өндірістік кәсіпорынға уақытша газ беру тоқтатылды.
Қазіргі таңда қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін арнайы техникалар мен 30 қол күші жұмылдырылып, жұмыс қарқынды түрде жүргізілуде. Қайта қосу жұмыстары қосымша хабарланатын болады.
Құрметті қала тұрғындары!
Сіздерден газ крандарының жабық болуын қадағалауларыңызды сұраймыз.
Газдың иісі байқалған жағдайда 104 апаттық қызметіне хабарласыңыздар!” - деп хабарлады Шымкент қаласының әкімдігі