​Әрбір өтініш бақылауда: Шымкент полициясының бастығы Тұран ауданының тұрғындарымен кездесті

0
105

Полиция генерал-майоры Мұхтар Қожаев тұрғындардың әрбір өтінішін мұқият тыңдап, жауапты құрылымдық бөлімше басшыларына нақты тапсырмалар берді.


​Әрбір өтініш бақылауда: Шымкент полициясының бастығы Тұран ауданының тұрғындарымен кездесті

Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы Мұхтар Қожаев Құрсай, Ақтас, Қазығұрт және Ақжар шағынаудандарының тұрғындарымен кездесу өткізіп, қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысты өзекті мәселелерді талқылады.

Ашық форматта өткен кездесуде тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, ұсыныс-пікірлерін айтып, көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Кездесу барысында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, учаскелік полиция инспекторларының жұмысы және азаматтардың өтініштеріне жедел ден қою мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Полиция генерал-майоры Мұхтар Қожаев тұрғындардың әрбір өтінішін мұқият тыңдап, жауапты құрылымдық бөлімше басшыларына нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ көтерілген барлық мәселенің толық шешілгенге дейін жеке бақылауында болатынын атап өтті.
Мұндай кездесулер полиция мен тұрғындар арасындағы өзара сенімді нығайтып, халықтың өтініштеріне уақытылы ден қоюға әрі қоғамдық қауіпсіздікті бірлесіп қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бөлісу