​АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ: Шымкентте 250-ден аса өтініш қаралды

0
194


​АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ: Шымкентте 250-ден аса өтініш қаралды

Бүгін қала әкімдігінде мегаполис басшысы, оның орынбасарлары, сондай-ақ аудан әкімдері мен басқарма басшылары азаматтарды кезекті қабылдауды өткізді.

Тұрғындар түрлі абаттандыру және коммуналдық-шаруашылық, бизнес жүргізу, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік, автомобиль жолдары, жер қатынастары және тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелерін қарастырды. Қала әкімі әрбір өтінішті егжей-тегжейлі қарап, барлық шешімдер заң шеңберінде қабылданатынын атап өтті.
Айта кету керек, көптеген сұрақтарға егжей-тегжейлі түсініктемелер берілді. Жалпы мемлекеттік қызметшілерден 250 адам консультациялар, көмектер және кеңестер алды.
Мұндай қабылдаулар жергілікті атқарушы органдарға туындаған мәселелерге жедел ден қоюға мүмкіндік береді. Осыған байланысты Ғабит Сыздықбеков жауапты тұлғаларға халықпен кері байланысты күшейтуді, ал туындаған мәселелерді шешу кезінде азаматтардың ұсыныстары мен талаптарын ескеруді тапсырды.
Бөлісу