​АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ: Шымкентте 250-ден астам өтініш қаралды

0
83


​АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ: Шымкентте 250-ден астам өтініш қаралды

Шымкент қаласында азаматтарды қабылдау барысында қала әкімі басқарма басшыларымен, аудан әкімдерімен бірге 250-ден астам тұрғынның өтініштері мен ұсыныстарын қарастырды.

Азаматтар білім беру, әлеуметтік қолдау, тұрғын үй және жер қатынастары, инженерлік-көлік инфрақұрылымын дамытуға қатысты мәселелерді көтерді.

Әрбір өтініш жіті қарастырылып, қосымша уақытты қажет ететін күрделі мәселелер бақылауға алынды. Жауаптыларға азаматтардың талап-тілектері мен ұсыныстары бойынша заң шеңберінде шешім қабылдау тапсырылды.
Айта кетейік, азаматтарды қабылдау халықпен кері байланысты күшейтіп, өзекті мәселелерді оңтайлы шешуге септігін тигізеді, ал тиімді ұсыныстар қаланы дамыту жоспарына енгізіледі.
Бөлісу