2019 жылы Шымкентте 82,1 шақырым каналдар механикалық тазалаудан өткізілді.
Шымкентте 2020 жылы 5 канал жөндеуден өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
2019 жылғы жоспарға сәйкес Шымкентте 82,1 шақырым каналдар механикалық тазалаудан өткізілді.
Сонымен қатар, 5 каналға күрделі жөндеу жұмыстарына жобалық сметалық құжаттама дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өтуге жолданды. Одан бөлек, қосымша 5 каналдың күрделі жөндеу жұмыстарына жобалық сметалық құжаттамалар дайындалуда.
Ал, «Жаңа Оңжағалау Сайрамсу» каналының 150 метр жері бетонмен қапталды.
Осы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, каналдарда ағын суды жеткізу 80-85%-ға артты.