Бизнеске арналған жеңілдетілген несиелер

0
557

Несиенің максималды сомасы және мемлекеттік субсидиялар мөлшері жобаның орналасқан жеріне байланысты.


Бизнеске арналған жеңілдетілген несиелер

Шымкентте бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары сәтті іске асып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Түркістан облысы бойынша «Даму» Қоры филиалының директоры Мугазан Қанлыбаев айтып берді.


Қазіргі таңда банктер кәсіпкерлерді қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларына белсенді қатыса бастады. Ал, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларының негізгі операторларының бірі.

Атап айтар болсақ, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасыны аясында «Даму» Қоры кәсіпкерлерге қолдаудың екі түрін ұсынады. Олар субсидиялау және кепілдік беру.

Ұлттық жоба бағдарламасы бойынша кәсіпкерлер мемлекеттік қолдау субсидиялар арқылы жобалық қаржыландыруды ала алады. Несиенің максималды сомасы және мемлекеттік субсидиялар мөлшері жобаның орналасқан жеріне байланысты.

“Егер сіз моно және шағын қалада немесе ауылда кәсіпкерлікпен айналысатын болсаңыз, онда сауда саласындағы қызметті қоспағанда, мемлекеттік бағдарлама бойынша салалық шектеусіз 20 миллион теңгеге дейін несие ала аласыз (азық-түлік саудасына рұқсат етіледі). Бұл жағдайда сіз үшін несие бойынша пайыздық мөлшерлеме жылдық 5% ғана болады. Егер жоба Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және облыс орталықтарында іске асырылса кәсіпкердің қызметі экономиканың басым секторларына тартылуы керек. Бұл бағытта несиенің максималды сомасы 3 миллиард теңгеден аспайды, ал сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6 пайыз деңгейінде болады. Сондай-ақ моно және шағын қалаларда немесе ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті қолдауды салалық шектеусіз 1,5 млрд теңгеге дейінгі несие сомасына қарастырады”, - деді Мугазан Қанлыбаев.

Несие бойынша пайыздық мөлшерлемені төмендету үшін кәсіпкерлер банкке несие рәсімдеу керек. Содан кейін несиенің мақұлдауын алғаннан кейін «Даму» Қорына өтінішпен жүгінеді.

Аталған жобаның ішінара кепілдігі бойынша қаржыландырудың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін кәсіпкерлер несие бойынша кепілдік бере алады. Яғни кәсіпкер несие алу үшін банкке жүгінген және оның кепілі жеткіліксіз болған жағдайда «Даму» Қоры өз кепілдігін бере алады, несие сомасының 50-85%-ға дейін кепілдің орнына әрекет етеді.

Айта кетейік, қолдау бағдарламаларына қатысуға EGOV электрондық үкімет порталы арқылы өтініш беруге болады. Сонымен қоса, жеке Online.Damu.kz платформасы да іске қосылды. Онда кәсіпкер ЭСҚ арқылы субсидиялау және кепілдендіруге өтініш береді. Енді аудандардан келген кәсіпкерлер облыс орталығына барып құжат тапсырып, келісім-шартқа отырудың қажеті жоқ. Тек қана электронды цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) болуы жеткілікті.