COVID-19: Шымкент "қызыл" аймаққа өтті

0
461

«Сары» аймақта: Алматы, қаласы, Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстары.


COVID-19: Шымкент

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласы "сары" аймақтан "қызыл" аймаққа өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 2022 жылғы 11 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары. «Сары» аймақта: Алматы, қаласы, Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстары. «Жасыл» аймақта: Ақмола,Ақтөбе, Алматы, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облысы, Шығыс Қазақстан облыстары.

Қалада соңғы тәулікте 141 адам коронавирус жұқтырған. Оның ішінде белгілері бар 87, белгілері жоқ 54. Індет анықталған 47 адам инфекциялық стационарға жатқызылса, 94 адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 253 орын бар, төсек орын толымдығы 66%-ды құрайды, 86 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 167 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде 59 төсек орын бар, 13 науқас ем қабылдауда.

Айта кетейік, эпмидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Шымкент қаласы кеше, 10 қаңтарда «сары» аймақта тұрған еді.