COVID-19: Шымкентте 16 жағдай тіркелді

0
286

Оның ішінде 14 адамнан ауру белгілері анықталған.


COVID-19: Шымкентте 16 жағдай тіркелді

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Шымкентте өткен тәулікте КВИ-дің 16 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оның ішінде 14 адамнан ауру белгілері анықталған. 10 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 6 адам үй бақылауына алынды.

Мамандандырылған инфекциялық стационарларда 763 орын бар, төсек орын толымдығы 30%-ды құрайды.