​COVID-19: Шымкентте 3 жағдай тіркелді

0
437

Бір тәулік ішінде қалада 2 071 адам вакцина алды.


​COVID-19: Шымкентте 3 жағдай тіркелді

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкентте соңғы тәулікте КВИ-дің 3 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 2, белгілері жоқ – 1), деп хабарлайды ERNUR.KZ.

1 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 2 адам үй бақылауына алынды.

Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 433 орын бар, төсек орын толымдығы 33%-ды құрайды. Инфекциялық стационарда 144 науқас, жансақтау бөлімінде – 22 науқас ем қабылдауда.
Бір тәулік ішінде қалада 2 071 адам вакцина алды. Pfizer вакцинасының I компонентін 4 033 адам қабылдады.