COVID-19: Шымкентте 6 жағдай тіркелді

0
452

Мамандандырылған инфекциялық стационарлардағы төсек орын толымдығы 30 пайыз.


COVID-19: Шымкентте 6 жағдай тіркелді

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкентте 1 желтоқсан күні 6 адамнан КВИ анықталды (белгілері бар – 5, белгілері жоқ – 1), деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Барлығы 6 адам үй бақылауына алынды.

Мамандандырылған инфекциялық стационарлардағы төсек орын толымдығы 30 пайыз. Инфекциялық стационарда 130 науқас, жансақтау бөлімінде –19 науқас ем қабылдауда.
Бір тәулік ішінде қалада 723 адам вакцина алды (I компонент- 395, II компонент-328). Егу науқаны басталғалы барлығы 580 356 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 541 531 адам вакцинаның екі компонентін алды.
Рhizer вакцинасының I компонентін 4 619 адам қабылдады.