COVID-19: Шымкентте өткен тәулікте 19 адам індет жұқтырды

0
257

5 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 14 адам үй бақылауына алынды.


COVID-19: Шымкентте өткен тәулікте 19 адам індет жұқтырды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында өткен тәулікте 19 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оның ішінде белгілері бар 16, белгілері жоқ 3. Індет жұқтырған 5 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 14 адам үй бақылауына алынды.

Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 463 орын бар, төсек орын толымдығы 36%-ды құрайды, 293 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 170 науқас емделуде,жансақтау бөлімінде –136 төсек орын бар, 25 науқас ем қабылдауда.

Бір тәулік ішінде қалада 1 932 адам вакцина алды (I компонент-1 147, II компонент-785). Егу науқаны басталғалы барлығы 571 411адам вакцинацияланды. Оның ішінде 537 051адам вакцинаның екі компонентін алды.