Дүниежүзілік ХІХ жазғы гимназиадасына Шымкенттен 20-ға жуық оқушы қатысты

0
660

Қазақстан құрамасы спорт түрлері бойынша 34 алтын, 32 күміс, 21 қола жүлде иеленді.


Дүниежүзілік ХІХ жазғы гимназиадасына Шымкенттен 20-ға жуық оқушы қатысты

Қазақстан алғаш рет дүниежүзілік ХІХ жазғы оқушылар гимназиадасынақатысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

14-22 мамыр аралығында Францияның Нормандия аймағында өткен жарысқа ел намысын қорғауға 234 оқушы, оның ішінде Шымкент қаласынан 18 оқушы қатысты.
Биылғы дүниежүзілік ХІХ жазғы гимназиада қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы спорт түрлері бойынша 34 алтын, 32 күміс, 21 қола жүлде иеленіп, жалпы командалық есепте ІІІ орынға қол жеткізді. Құрама команданың жеңіске жетуіне Шымкент қаласының спортшы оқушылары да өз үлестерін қосты.
Дзюдо спорт түрінен №13 жоббм оқушысы Юлдашбекова Сабина І орын, Әл-Фараби атындағы Академиялық мектебінің оқушысы Орынбасар Талғат І орын, грек-рим күресінен №1 мектеп гимназиясының оқушысы Узаров Джохар І орын, спорттық гимнастикадан №17 мектеп оқушысы Ахметжанов Эмиль ІІ және ІІІ орын, садақ ату спорт түрінен Берча Иван ІІ орынды иеленді.