Е.Айтаханов: «Бабаларымыздың жасаған ерлігін бүгінгі ұрпақ ұмытпауы керек»

0
957

Шымкентте «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстардың барысы талқыланды.


Е.Айтаханов: «Бабаларымыздың жасаған ерлігін бүгінгі ұрпақ ұмытпауы керек»

Шымкент қаласының әкімі «Ерлік» музейінің бүгінгі жағдайы жайлы кеңес бірнеше кеңес өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы-журналист Мархабат Байғұт пен тыл ардагері Шерім Медеуов және «Ерлік» музейінің меңгерушісі Ақмарал Құдайбергеновамен кездесті.


Аталған кездесу барысында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Шымкентте атқарылып жатқан жұмыстардың барысы талқыланып, «Ерлік» музейінің бүгінгі тыныс-тіршілігі сөз болды. Бұл музейде 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлердің, соғыс жылдарында тылдағы тауқымет тартқан тыл ардагерлерінің және 1979-1989 жылдардағы Ауған соғысына қатысқан ардагерлердің жәдігерлері жинақталған.


Тиісінше, ерлігімен жерін жауға таптатпай, бақытты ғұмыр сыйлаған ата-бабаларымыздың ерлігін ешқашан ұмытпау керек екенін айтқан қала басшысы «Ерлік» музейі қызметінің ұрпақ тәрбиесінде маңыздылығы мол екенін атап өтті. Сонымен қатар, тараптар қаланың мәдениеті мен халықтың әлеуметтік жағдайы, отбасы құндылықтары мен жастардың тәрбиесі сынды мәселелер бойынша пікір алмасты.