«EcoStudentKZ»: Шымкентте студенттер бастамасымен тазалық шарасы өтті

0
986

Келесі кезекте павлодарлық студенттер эстафетаны жалғастырып, қаланың саябақтары мен алаңдарын қоқыстан тазартатын болады.


«EcoStudentKZ»: Шымкентте студенттер бастамасымен тазалық шарасы өтті

Алғаш болып шымкенттік студенттер "Қошқар ата" өзенінің жағалауында бейберекет жатқан қоқыс орындарын тазалап «Эко-плоггинг» өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Келесі кезекте павлодарлық студенттер эстафетаны жалғастырып, қаланың саябақтары мен алаңдарын қоқыстан тазартатын болады.
Қазақстан тұрғындарына айтарымыз - өзің отырған жерге қоқыс тастама. Осы челлендж арқылы отанымызға деген сүйіспеншілігімізді танытайық!

Айта кетейік, Шымкентте «Жасыл ел» еңбек жасағының маусымы аяқталды. Жалпы, «Жасыл ел» еңбек жасағы 2005 жылдан бастап жүзеге асырылып келе жатқан кешенді бағдарлама. Аталмыш бағдарлама көптеген жастың Отанға деген сүйіспеншілігін оятып, елімізді жасыл желекке айналдыру мақсатында олардың жалын-жігерін, күш-қуатын бір арнаға тоғыстыра алды. Сондай-ақ, жастарға жазғы демалыстарын босқа өткізбей, жұмыс істеп, қосымша қаржы табуға молынан мүмкіндік тудырды. Осы орайда Шымкентте де еңбек жасақтарында еңбек етіп жүрген жастар саны жылдан жылға артып келеді. Бұл қаладағы жұмыссыз жастардың санын азаюына да ықпал етіп отыр. Атап айтқанда қалада еңбек жасақтарының биылғы маусымында 1313 жас жұмыспен қамтылды. Жұмыс уақыты аптасына 2 рет, сағат 9:00 - 14:00 уақыт аралығын қамтиды. Жалпы айына 8 рет жұмысқа шығады. Айлық көрсеткіші 60 мың теңгені құрайды.

Жастар қозғалысы алдағы уақытта өз жалғасын таба бермек. Өйткені, «Жасыл елдегі» жастар қатары тек қана аймағымыздың көгалдануына ғана емес, оған қоса біздің ортақ шаңырағымыз - Қазақстанның өркендеуіне жаңа буынды тәрбиелеуде маңызы зор.

Еске сала кетейік, «Жасыл ел» бағдарламасының жүзеге асып жатқанына биыл 27-ші жыл. «Жасыл Ел» еңбек жасақтары 14-29 жас аралығындағы жастардың жазғы демалыс кезеңінде студенттік отрядтарда әр түрлі бағыттар бойынша жұмыс істеуге мүмкіндік береді.