ШЫМКЕНТ: «Әр бала мектепке лайық» жоба аясында инклюзивті кабинет ашылды

0
3 751

Шымкенттің білім беру ордаларында инклюзивтік кабинет жұмыс жасай бастады.


ШЫМКЕНТ: «Әр бала мектепке лайық» жоба аясында инклюзивті кабинет ашылды

Шымкет қаласында Өзбекәлі Жәнібеков атындағы №19 жалпы орта мектебінде инклюзивтік білім берудің ресурстық кабинеті ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқытудағы инклюзивтік білім берудің ресурстық кабинетінің жұмысымен танысты.

Онда қала әкімІ балалардың білім алуына және дамуына қолжетімді барлық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілгендігіне көз жеткізді. Сондай-ақ, оқушылармен сұқбаттасып, өзінің оқу жылдарындағы естеліктерімен бөлісті.

Бүгінде мұндай инклюзивті қабинеттер қаладағы №19 және №37 мектептерде ашылып, өз жұмыстарын жасап жатыр.

"Бұл «Әр бала мектепке лайық» жоба аясында ашылып отырған кабинет. Біз осындай инклюзивті кабинеттерді ашамыз, оларды толық жабдықтаймыз. Онда білікті мамандарды жинап, оларды жылына екі рет оқытамыз, сондай-ақ мамандарды апта сайын онлайн оқытудан өткіземіз. Үйден оқытылып жатқандарды осы мектепке алып келіп, осында оқытып жатырмыз. Инклюзия мақсаты ерекшелігі бар оқушы балаларды осындай жалпы білім беру мектептерде өздерінің қатарластарымен оқыту. Ал, инклюзивті кабинеттерде аталмыш оқушыларға қызметтер көрсетіледі. Мысалы, олардың қолдарынан бір нәрсе келмей немесе болмай жатса, падаготар білім беру бойынша олармен жеке жұмыс жасайды", деді «Болашақ» корпоративтік қорының төрайымы Динара Жунусова.

«Бізде «Әділ бұлақ» орталығы бар. Сол орталықтан дайындап мектепке алып келеміз. Үкіметтен әр баланың қасына әлеуметтік педагог берілген. Мысалға №37 мектепте 8 бала оқиды. 4 бала азаңғы уақытта келсе, 4 бала түстен кейін келеді. Сонда бір әлеуметтік педагог екі баланы оқыта алады. №19, №34 мектебі осы балаларды мұғалімдер, оқушылар өте жақсы күтіп алады. Сәл тілі кеш шыққан бала осында өзін жақсы көретін ортада жүрсе, оның тілі шыға бастайды. Соларға қарай бағдарланып олардың іс-әрекеті де дұрысталады. Олар тақтаға шығып, түсінік айтып, өзінің тірлігінің нәтижесін көріп қуаныштарында шек болмайды. Олар басқа оқушылармен өздерін бірдей санайды, басқа балдар оның одан кем екенін білдірмейді», - дейді психолог Альфира Қалдыбекова.