«Тұрғын үй жинақ банкінің» жетекшілерімен кездесу өткізілген
ERNUR.KZ. Шымкентте дәстүрлі тамыз конференциясы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шымкент қаласындағы Қазақстан Халқы Ассамблеясы ғимаратында дәстүрлі педагогикалық тамыз конференциясы өтті. Конференцияда қала әкімі мұғалімдерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, білім саласын жетілдіру бағытында бірқатар ұсыныс жасады.
Сондай-ақ, конференция барысында мұғалімдерді тұрғын үймен қамту мәселесі де назардан тыс қалмады.
«Біз «Тұрғын үй жинақ банкінің» жетекшілерімен кездесіп, бұл жөнінде талқылаған болатынбыз. Менің ойымша, бастапқы жарнаны төлеу үшін тұрғын үй сертификатын қарастыра аламыз. Қайрат Ырзақұлұлы, бұл мүмкіндікті қарастырыңыздар», - деді қала әкімі өзінің бірінші орынбасарына.
Сонымен қатар, жиында кәсіби білім беретін қаладағы колледждер үшін шетелдік сарапшылар бағдарламалық тәжірибесін ұсынды. Жаңа оқу жылында қала колледждердің бірінде техникалық білім беруді дамыту үшін неміс компаниясы ауқымды оқу жоспарын түзіп қойыпты.