Мамандардың пікірінше, екпенің зиянынан гөрі пайдасы көп.
Ислам дінінде адамның өмірі мен денсаулығынан асқан құндылық жоқ. Сондықтан әрбір адам өз денсаулығына аса мән беруі қажет.
Алла Құранда: «Өздеріңді өз қолдарыңмен қауіп-қатерге салмаңдар», – деп бұйырған. Пайғамбар Мұхаммед с.ғ.с.: «Емделіңдер, расында Алла әрбір дертті шипасымен қоса жаратты», – деген. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде», – деп шипа іздеуге үндеген. Сол үшін кез келген адам емделудің және аурудың алдын алу жолдарын қарастыруы тиіс.
Медицина мамандары қазіргі таңда әлемге қауіп төндірген коронавирус індетінің алдын алу үшін вакцинациялаудың адам денсаулығын қатерден сақтап қалудың қауіпсіз және тиімді әдісі екенін айтуда.
Коронавирусқа қарсы вакцина туралы сөз қозғамас бұрын, алдымен осы уақытқа дейін түрлі вирустың алдын алып келген екпе жайында айтсақ. Мамандардың пікірінше, екпенің зиянынан гөрі пайдасы көп. Ал, ғалымдар мұны адамзаттың үздік жетістіктерінің бірі деп санайды. Тарих қойнауына көз жүгіртсек, әлем мойындаған екпені қазақ даласына алып келгендердің бірі – Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы. Ол екпені алғаш шешекке қарсы пайдаланған. Әрі бұл әдісті еуропалықтардан бірнеше ғасыр бұрын енгізгені туралы деректі оның «Шипагерлік баян» атты еңбегінен табуға болады.
Медицина саласында ұзақ жылдан бері еңбек етіп келген мамандардың айтуынша, екпеге қарсы пікірді таратып жүргендер бұл саладан хабары жоқ жандар. Сала мамандарының сөздерінше қауіпті дерттің алдын алудың бірден-бір жолы – вакцина болып табылады.
Соңғы жылдарда елімізде екпеден үркитіндер саны толастамай отырғанын немен түсіндіруге болады? Санадағы сан ойлардың бір тармағы олардың басым бөлігі Ислам шариғаты екпе егуге қарсы деген пікірде ме дегенге саяды. Негізінде, олай емес. Яғни, ислам шариғаты екпе егуге қарсы деген пікірдің қате екендігін теолог ғалымдарымыз да мойындаған. Ислам дінінде адамның өмірі мен денсаулығынан асқан құндылық жоқ. Сондықтан әрбір адам өз денсаулығына аса мән беруі қажет.
Қажылар Меккеге қажылыққа барар алдында түрлі ауруларға қарсы екпелерді қабылдайды. Сол үшін кез келген адам емделудің және аурудың алдын алу жолдарын қарастыруы тиіс.
Бүгінде 13 мыңнан астам медицина қызметкері вакцина алып үлгерді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты. Жалпы, ел аумағына жеткізілген «Спутник V» екпесі 13 301 адамға салынған. Олардың қатарында инфекциялық стационар, жедел медициналық көмек, сондай-ақ КВИ-мен сырқаттанудың жоғары қаупі бар басқа да бейіндегі медицина қызметкерлері бар. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой халыққа жаппай екпе салдыру ғасырлар бойы адамзатты шешек, оба сияқты қырылып қалуға апаратын қорқынышты аурулардан қорғап келгенін айтты. Алла берген ғұмырдың жақсылығын сұрап, денсаулықтың қадірін, деніміз сау кезде білейік.
И.Айтаев,
АТТ мүшесі.