Жыл соңына дейін аудан аумағында жалпы көлемі 3500 шаршы метр мурал салу жоспарлануда.
Шымкент қаласы Қаратау ауданында қала келбетін көркейту және тұрғындарға қолайлы әрі эстетикалық орта қалыптастыру мақсатында мурал салу жұмысы жалғасуда.
Қазіргі таңда Тұран және Нұрсәт шағынаудандарындағы 5 нысанның қасбетіне жалпы көлемі 1400 шаршы метр мурал салынды. Әр туынды ауданның сәулеттік келбетін айшықтап, қалалық кеңістікке жаңа реңк беруде.
Жыл соңына дейін аудан аумағында жалпы көлемі 3500 шаршы метр мурал салу жоспарлануда.
Бұл жұмыс Қаратау ауданының көркін арттырып, тұрғындар мен қала қонақтары үшін тартымды орта қалыптастыруға ықпал етеді.


